|
Атауы |
Өлшем бірлігі |
2020 жылғы факт |
2021 жылғы факт |
2022 жылғы факт
|
Орындау туралы ақпарат |
|
Мектепте білім алу үшін мектепалды жасындағы балалардың дайындық деңгейі |
% |
88,5 |
83,4 |
87,1 |
2020-2021 оқу жылында мектепалды жастағы балалардың дайындық деңгейін анықтау бойынша қорытынды мониторинг нәтижесі-83,4%. Мектепалды даярлықпен 277,6 мың бала қамтылған (мектепке дейінгі ұйымдарда мектепалды топтармен 114,2 мың бала қамтылған; орта білім беру ұйымдарында мектепалды сыныптармен 163,4 мың бала қамтылған). 5 жастағы балаларды мектепалды даярлау МЖС талаптарына сәйкес жүзеге асырылады (ҚР БҒМ 31.10.2018 ж. № 604 бұйрығы), үлгілік оқу жоспарлары бойынша апталық оқу нормативтік жүктемесін ескере отырып (ҚР БҒМ 20.12.2012 ж. № 557 бұйрығы) және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны іске асырылады (ҚР БҒМ 12.08.2016 ж. № 499 бұйрығы).. Мектепалды топтар мен сыныптардағы тәрбие-білім беру процесінің тиімділігін, мектепалды жастағы балалардың даму серпінін анықтау үшін оқу жылының басында балалардың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын игеруіне бастапқы мониторинг жүргізілді. Мониторинг нәтижелері бойынша мектепке дейінгі ұйымдар баланың жеке даму карталарын толтырды. Республика бойынша мектепалды балалардың біліктері мен дағдыларын дамытуды бастапқы диагностикалаудың орташа нәтижесі 74,1%-ды құрайды. Мектепке дейінгі білім беру сапасын, оның ішінде мектепалды жастағы балалардың мектепте оқуға дайындық деңгейін арттыру мақсатында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (тәрбие мен оқытудың мазмұнына, білім, білік, дағды мен құзыреттілік көлемін игеруге, тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне, оқыту нәтижелеріне қойылатын шекті талаптар айқындалды).
2021-2022 оқу жылының қорытындылары мынадай нәтижелерді көрсетті: бастапқы мониторинг – 74,1%, аралық – 84,0%, қорытынды – 87,1%. |