Білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында кадрларды даярлау бағыттары бойынша мемлекеттік білім беру грантының мөлшерін ұлғайту көзделген.
Аталған құжатты орындау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы бұйрықтың жобасы әзірленді.
Гранттың мөлшері орташа есеппен 1,7 есеге ұлғайтылды.