Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 82-бабының 8-тармағына және 151-бабының 16-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба шеңберінде бюджеттік инвестицияларды жоспарлау және іске асыру қағидалары;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру кезінде бюджеттің атқарылуы рәсімдері бекітілісін.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Министр |
|
Ғ. Бейсембаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі