Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жаңа редакцияда орта білім беру ұйымдарында білім алушыларға тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандырумен қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекітті.
Тамақтандыруды ұйымдастырудың жаңа қағидалары орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, ата-аналар қауымдастығының, ҮЕҰ және т. б. ұсыныстарын ескере отырып әзірленді.
Осы бұйрыққа сәйкес қарастырылды:
- конкурстық рәсімдерді Электрондық сатып алудың бірыңғай порталы арқылы электрондық форматқа көшіру,
- білім беру органдарына, ұйымдарға және қызметтер мен тауарларды жеткізушілерге қойылатын талаптарды күшейту,
- өнім таңдау критерийлерін, әлеуетті өнім берушілер құжаттарының тізбесін және т. б. оңтайландыру.
Осы бұйрық ресми жарияланған алғашқы күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.