Осы арқылы азаматтардың назарына «Электрондық үкімет порталында» «Ашық үкімет» - «Ашық НҚА» бөлімінде жария талқылау үшін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы орналастырылғанын жеткіземіз.
Қоғамдық талқылау 2023 жылдың 4 ақпанынан 24 ақпанына дейін өтеді (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14400093).
Барлық мүдделі азаматтар жоғарыда аталған Заңның жобасын талқылауға қатыса алады.