«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры бос лауазымдық орнына конкурс

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, 010000 Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8, 11-кіре-беріс, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры бос лауазымдық орнына конкурс жариялайды. Кәсіпорынның орналасқан мекен-жайы: Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8, тел. 74-24-19.

Қызметінің негізгі мәні Қазақстан Республикасында зиялылық мүмкіндігін қалыптастыруға көмектесу болып табылады.

Қызметінің мақсаты – Қазақстан Республикасының дарынды балаларын анықтау, дамыту және шама мүмкіндіктері мен шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыру үшін жағдай жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын тараптар: жоғары білімінің болуы, мамандығы бойынша кәсіпорынның бейініне сәйкес келетін қызмет саласында басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

1) он сегіз жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

  • конкурсқа қатысу туралы өтініш (қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетіледі және жеке мәліметтерді тексеру мен жинақтауға келісім беріледі);
  • мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме (фотосуретпен қоса);
  • білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • еңбек қызметін растайтын құжаттар;
  • денсаулық жағдайы туралы анықтама (№ 075-нысан бойынша).
  • жеке куәлігінің көшірмесі.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау, хабарландыру жарияланған күннен бастап  күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жүргізіледі.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.

Жоғарыда аталған құжаттарды белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Персоналды дамыту және басқару департаментіне (806-каб.) тапсыру қажет, телефон: 8 (7172) 74-24-19.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры бос лауазымдық орнына конкурс
Дата публикации
06 февраля 2023