«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 3-IА бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
65-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығымен бекітілген Ішкі аудит қызметтерінің ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының 15-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 3-ІА бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) Ішкі аудит департаменті осы бұйрықты ол бекітілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оны Министрліктің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Министрліктің Ішкі аудит департаментінің директорына (С. С. Кинтонов) жүктелсін.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Негіздеме: Ішкі аудит департаментінің директоры С.С. Кинтоновтың 2023 жылғы 26 қаңтардағы қызметтік жазбасы.

 

 

Министр                                                                                    Ғ. Бейсембаев

Дата публикации
30 января 2023