«Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 209 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы
    № 209 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20668 болып тіркелген)  өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1.Қоса беріліп отырған «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.»;

Осы бұйрықпен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысына сәйкес әзірленген және апостильді қою тәртібі мен шарттарын айқындайды.»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында мынадай анықтамалар пайдаланылады:

1) апостиль – құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба;

2) цифрлық құжаттар сервисі – «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;

3) Бiрыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес көрсетеді.».

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы осы Қағидаларға                     1-қосымшаға сәйкес «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Негізгі талапттар тізбесі) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды береді.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды берген жағдайларда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің Негізгі талаптар тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес берілген күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы қолхат береді.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Облыс орталықтарында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан Мемлекеттік корпорация филиалдары бөлімінің қызметкері құжаттар келіп түскен күні құжаттарды дайындауды жүзеге асырады және оларды көрсетілетін қызметті берушіге жіберу үшін Мемлекеттік корпорацияның курьеріне береді. Егер мемлекеттік Корпорация филиалдарының бөлімдері басқа елді мекендерде орналасқан жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның жинақтаушы секторының қызметкері (маманы) құжаттар келіп түскен күні оларды дайындауды жүзеге асырады және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге қағаз түрінде Мемлекеттік корпорацияның курьері не пошта байланысы арқылы жіберуді 2 (екі) жұмыс күні ішінде қамтамасыз етеді.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні оларды 1 (бір) жұмыс күні ішінде, электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді;

2) жауапты құрылымдық бөлімше басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты қызметкерге құжаттарды жолдайды;

3) жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды тіркеген сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды берген жағдайда жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде дәлелді бас тартуды дайындайды;

4) көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері 5 (бес) жұмыс күні ішінде білім туралы құжаттардың түпнұсқалығын растау және жауап алу үшін бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына сұрау салуды ресімдейді;

5) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу расталған жағдайда жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері 4 (төрт) жұмыс күні ішінде құжаттарға апостиль қояды, не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды.

Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруі үшін тыңдаудың өткізілетін әдісі және орны, уақыты туралы хабарлайды.

Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

Хабарлама (хабархат) тапсырыс хаттың табыс етілгендігі туралы хабарламамен тапсырыс хатпен, телефонограммамен немесе телеграммамен, ұялы байланыс абоненттік құрылғысы бойынша мәтіндік хабармен немесе электрондық мекенжай бойынша не хабархаттың немесе шақырудың тіркеліп-бекітілуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланылып жіберіледі.

Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші білім туралы құжатты апостильдеу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарға қол қойғаннан кейін жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде апостиль қою үшін ұсынылған құжаттарды тіркеу кітабына тіркейді, содан кейін дайын құжаттарды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей курьер арқылы немесе пошта байланысы арқылы мемлекеттік корпорацияға беру үшін жібереді.»;

11-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру білім беру ұйымдарына оқу расталған жағдайда жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» 4 (төрт) жұмыс күні ішінде апостиль қою үшін құжаттардың түпнұсқаларын апостильдеу үшін орналасқан жері бойынша Мемлекеттік корпорация арқылы беру туралы хабарлама жібереді, не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды.

Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруі үшін тыңдаудың өткізілетін әдісі және орны,  уақыты туралы хабарлайды.

Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

Хабарлама (хабархат) тапсырыс хаттың табыс етілгендігі туралы хабарламамен тапсырыс хатпен, телефонограммамен немесе телеграммамен, немесе портал арқылы «жеке кабинетіне»  ұялы байланыс абоненттік құрылғысы бойынша мәтіндік хабармен немесе электрондық мекенжай бойынша не хабархаттың немесе шақырудың тіркеліп-бекітілуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланылып жіберіледі.

Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші білім туралы құжатты апостильдеу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Көрсетілетін қызметті беруші негізгі талаптар тізбеснің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органы көрсетілетін қызметті берушілерге, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына осы Қағидаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы хабарлайды.»;

Көрсетілген қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

            «КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар

және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

2021 жылғы «___» ___________

Дата публикации
23 января 2023