«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларын бекіту туралы»

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

  1.   Мыналар:

            1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптар;

         2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидалары бекітілсін.        

  1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

         1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

         2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін елтаңбалы мөрмен куәландырылған электрондық қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;

         3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;  

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

                        Аты-жөні

Дата публикации
06 января 2023