Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша 2021 жылғы есебі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша 2021 жылғы есебі

 

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/нқ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес білім және ғылым саласында 60 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.    

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 25 қарашадағы № 407/НҚ бұйрығымен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне білім және ғылым саласында нормативтік актілерге өзгеруі негізінде екі мемлекеттік қызметінің атауы өзгертілді (Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттар қабылдау, Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау).

 Есепті кезеңде (2021 жылғы 4 тоқсанда) білім және ғылым саласында 21843, оның ішінде 17763  жеке, 4080 - заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту саны 4 тоқсанда – 1291, оның ішінде 972  жеке, 319 - заңды тұлғаларға («Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау», «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқулық басылымдары бойынша авторларға және авторлар ұжымына сараптамалық қорытынды беру», «Білім туралы құжаттарды тану», «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу», «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру», «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру», «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына шығыстарды өтеу, «Болашақ»  халықаралық стипендиясы стипендиаттарының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлікке кепіл шартын беру, «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу»).

Жоғарыда көрсетілген қызметтер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негізгі себептері:

  • білім және ғылым саласында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерге сәйкес талап етілетін барлық құжаттарды ұсынбау;
  • мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
  • өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
  • білім туралы құжатты берген білім беру ұйымында білім туралы құжатты беру фактісін растамау немесе тиісті білім беру қызметін жүзеге асыруға құқықтың болмауы;
  • ұсынылған құжаттарда дұрыс емес немесе толық емес мәліметтер, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттардың болуы;
  • білім туралы құжатты берген білім беру ұйымында білім туралы құжатты және тиісті білім беру қызметін жүзеге асыруға құқықты беру фактісін растау туралы қайтадан сұрау салуға жауаптың болмауы.

Бас тартудың негізделген заңды сипаты бар екенін хабарлаймыз.

Есепті кезеңде Министрлікке көрсетілетін қызметті алушыдан (ФЛ-С-5368 2021 ж.26.11.) «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет бойынша шешімге шағым түскенін мәлімдейміз.

Шағымды қарау қолданыстағы ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізілді. Министрліктің 2021 жылғы 30 қарашадағы жауабына сәйкес шағымданушыға қатысты Министрлік оң дәлелді шешім шығарды.

Министрлік 2021 жылға көрсетілген мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасының мониторингі шеңберінде келесі жұмыстарды жүргізді:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 38, 42, 43-тармақтарына сәйкес Министрліктің Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау басқармасымен 2 тоқсанында Министрлікке бағынысты Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде 2021 жылғы  16 маусым – 4 шілде аралығында ішкі бақылау өткізілді. Тексеру мәні мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері болды.

Министрлік мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Мемлекеттік корпорация қызметкерлерімен оқыту жүргізуге бастамашылық жасады, алайда өзара қолдау болмағандықтан семинарлар өткізілген жоқ.

Бұдан басқа, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің хаттары негізінде Министрлік екінші жартыжылдықтан бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін сақтау бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына (100-ден астам мемлекеттік және жеке) қатысты үйлестіру және тексеру іс-шараларын жүзеге асырады.

Сонымен қатар,  есепті кезеңде «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзудың расталған 7 өтініш бойынша екі жауапты қызметкер (Абай атындағы ҚазҰПУ, К.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ) қызметтерді уақытында көрсетпегені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетуді регламенттейтін құқықтық актілер нормаларын сақтау мақсатында Министрлік ведомстволық бағынысты ұйымдардың, жергілікті атқарушы органдардың қызметіне мониторингті тұрақты негізде жүзеге асырады.

Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің мониторингі барысында «Білім туралы» ҚР заңын бұза отырып, Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 2 «Жамбыл облысында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру мекемелеріне қабылдау қағидаларын бекіту туралы» қаулысымен өзінің үлгілік қағидалары бекітілгені анықталды.

Министрлік актілерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында хат жолдады. Алайда, осы жағдай бойынша Жамбыл облысының әкімдігі тиісті жұмыс жүргізген жоқ.

Сонымен қатар, Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістеріне талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар негізінде Министрлік білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсетуді регламенттейтін 60 нормативтік-құқықтық актілер бойынша талдау жүргізді (талдау МҚА-ға 2021 жылғы 12.31 № 6-06-5/5410-и хатымен жіберілді).

Талдау барысында мемлекеттік қызметтерді көрсетуді регламенттейтін құқықтық актілердегі құқықтық олқылықтардың, коллизиялардың болуы анықталды, проактивті, композиттік форматқа көшіру бойынша қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру бойынша ұсыныстар енгізілді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының 41-тармағына сәйкес «Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау іс-шараларының 2022 жылға арналған жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 22 желтоқсандағы № 598 бұйрығы бекітілді.

 

Дата публикации
06 декабря 2022