«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Оқу-министрлігінің 2022 жылға арналған Операциялық жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылға арналған операциялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі аппарат басшысының 2022 жылғы 18 ақпандағы № 53 және «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылға арналған Операциялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі аппарат басшысының 2022 жылғы 18 ақпандағы № 53 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі аппарат басшысының 2022 жылғы 16 маусымдағы № 286 бұйрықтарының күші жойылсын.
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Стратегия департаменті осы бұйрықты қол қойылғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
|
Аппарат басшысы
|
Д. Жекебаев
|