Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған даму жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 1 бұйрығының күші жойылсын.
  3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Стратегия департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысына жүктелсін.
  5. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Оқу-ағарту министрі                                       А. Аймағамбетов

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрі

______________________

2022 жылғы «___» ________

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрі

______________________

2022 жылғы «___» ________

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Оқу-ағарту министрінің

2022 жылғы  _____№ ____

бұйрығына қосымша

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің күші жойылған бұйрықтарының тізбесі

 

  1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
    2020-2024 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының
    2020 жылғы 06 қаңтардағы № 1 бұйрығы.
  2. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 06 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 мамырдағы
    № 200 бұйрығы.
  3. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
    2020-2024 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 06 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 507 бұйрығы.
  4. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
    2020-2024 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 06 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 541 бұйрығы.
  5. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының
    2020 жылғы 6 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №565 бұйрығы.
  6. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
    2020-2024 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 06 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 30 бұйрығы.
  7. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
    2020-2024 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 06 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 17 тамыздағы № 409 бұйрығы.
  8. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
    2020-2024 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 06 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 10 бұйрығы.
  9. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
    2020-2024 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 06 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 ақпандағы № 45 бұйрығы.
  10. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
    2020-2024 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 06 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № 280 бұйрығы.

 

Қазақстан Республикасы

Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы «___»___________

№ ___ бұйрығымен

БЕКІТІЛДІ

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің

2020-2024 жылдарға арналған даму жоспары

 

1-бөлім. Миссиясы мен пайымы

 

Миссиясы: балабақшаларда, мектептер мен колледждерде қолжетімділік пен теңдікті қамтамасыз ету үшін білім алушыларға жағдай жасау, білім алушылар мен педагогтардың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау жолымен білім беру сапасын арттыру, еңбек нарығының талаптарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім берудің бәсекеге қабілетті мамандарын даярлау.

Пайымы: мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру кезеңінде икемді дағдылардың, әмбебап құзыреттердің, дамыған бейімделу дағдыларының кең спектріне ие тұлғаны қалыптастыру үшін жағдай жасайтын білім беру жүйесі.

 

2-бөлім. Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының құрылысы

 

2.1. Елдің нысаналы индикаторлары және көрсеткіштері

«Қазақстан-2050» стратегиясы, Жалпыұлттық басымдықтар

 

Мемлекеттік органдардың құрылымы алда тұрған міндеттерді шешуге сәйкес болуы және Стратегия – 2050 мақсаттарын іске асыруды қамтамасыз етуі тиіс.

Барлық әлем елдері сияқты Қазақстанға да мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу қажет.

Балаларды мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен 100% қамтуға қол жеткізу.

Білім беру саласында 2030 жылға қарай
6 жасқа дейінгі балалар мектепке дейінгі сапалы біліммен және тәрбиемен толық қамтылатын болады.

Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу бағдарламалары халықаралық практикада пайдаланылатын үздік стандарттар мен әдіснамаларға сай келетін болады.

PISA, TIMSS сияқты немесе соларға ұқсас мектептегі білім беру сапасын бағалау индекстері бойынша Қазақстан рейтингтері өте жоғары 30 елдің қатарына кіреді.

2050 жылға қарай қазақстандық мектептердің түлектері қазақ, ағылшын және орыс тілдерін еркін меңгеретін болады.

Орта білім беру жүйесін дамыту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік желісін құру.

Біздің жерімізде туған кез келген сәби – қазақстандық. Сондықтан мемлекет оны қамқорлығына алуға тиіс.

Білім беру саясаты функционалды сауаттылықты түбегейлі арттыруға, заманауи құзыреттілікті қалыптастыруға, жас буынды сындарлы әлеуметтендіруге, бүкіл өмір бойы білім алудың қолжетімділігіне, сондай-ақ оқыту сапасындағы өңірлік теңсіздікті төмендетуге бағытталатын болады.

Мемлекетіміз бен қоғамымыз жетім балалардың асырап алынуын және отбасы үлгісіндегі балалар үйлерінің салынуын көтермелеуі қажет.

Практикалық дағдыларды оқыту және практикалық  біліктілікті алу  бойынша бағдарламаларды қоса отырып, орта білім берудің оқу жоспарларының бағыты мен екпінін өзгерту.

Оқушылардың білімдегі жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарламасында (Programme for International Student Assessment-2026) 15 жастағы қазақстандық оқушылардың қол жеткізетін нәтижелері: математикадан - 480 балл, оқылымнан - 450 балл, жаратылыстанудан - 490 балл.

2030 жылға қарай орта, кәсіптік-техникалық және жоғары білім беретін барлық ұйымдарда корпоративтік басқару және академиялық дербестік қағидаттары енгізілетін болады.

Кәсіптік-техникалық беру жүйесін дамыту еңбек нарығының бұрыннан бар және болашақ қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталатын болады.

Кәсіпкерлікке бағдарланған оқу бағдарламаларын, білім беру курстары мен институттарын құру.

 

 

­

 

 

 

 

­

 

      ­                                 

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары

 

Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды әлеуетті 100 % қамту есебінен орындардың нақты қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.

Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды дербес мектепке дейінгі тәрбиелеу қызметтеріне қол жеткізу, үйдегі тәрбиешілер институтының тәжірибесін қолдану ("әлеуметтік бала күтуші") қамтамасыз етіледі.

Оқытудың инновациялық бағдарламалары мен ойын нысандарының болуы мектепке дейінгі мекемелердің жұмыс істеуінің міндетті шарты болады. Жаңа бағдарламалар баланың жеке даму ерекшеліктерін ескере отырып жасалады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту кезінде бастауыш біліммен бірдей тәсілдер мен ұғымдар (құндылықтар, дағдылар, білім беру салалары, меңгеру дәрежесі) пайдаланылатын болады. Білім беру мазмұнына барлық жас топтары мен сыныптарда мазмұнды біріктіру тәсілі ретінде «өтпелі тақырыптар» енгізіледі.

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу сапасына мониторинг енгізілетін болады. Жұмыс істеу құқығы мектепке дейінгі қызметтердің сапасын жетілдіретін және жақсартатын мектепке дейінгі ұйымдарға беріледі.

Сапаны арттыру, сондай-ақ толыққанды дамытушы және қауіпсіз орта құру, білім беру процесін жүзеге асыру жағдайларын қамтамасыз ету, нормалар мен қағидаларды сақтау, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау, педагог жұмыскерлердің білім беру цензі және штаттарды жасақтау үшін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын кезең-кезеңімен лицензиялау енгізілетін болады.

Халықтың мектепке дейінгі/орта білім беру сапасына қанағаттану деңгейі

2025 жылға дейін 800 жаңа мектеп салынады.

Тірек ауылдар мен аудан орталықтарында шағын ауылдардың балаларын интернаттарда немесе патронат отбасыларда тұру үшін орындармен 100 % қамту қамтамасыз етіледі.

Барлық мектеп ғимараттары санитарлық тораптармен, компьютерлермен (1:5 есебінен) жабдықталады, Интернетке қол жеткізу жылдамдығы 50 МГб/сек төмен емес және лимиттелмеген трафикпен қосылады. Барлық мектептерде қазақстандық өндіріс жабдықтарын қолдана отырып, оқу сымсыз желілері өрістетілетін болады.

Бірыңғай интеграцияланған білім беру онлайн-платформасы жобасы іске қосылады.

Мектептегі білім беру бағдарламаларына оқушылардың эмоционалды, физикалық және психикалық әл-ауқатының негізі болатын тұрақты даму, шығармашылық сана, салауатты психоэмоционалды даму компоненттері енгізіледі.

Оқушылардың ойлау дағдыларын қарапайым деңгейден (білу, түсіну, қолдану) жоғары деңгейге дейін (талдау, синтездеу, бағалау) қалыптастыру, пәнаралық байланыстарды барынша тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін "өтпелі тақырыптардың" болуы маңызды болады.

Мектептер мен жоғары оқу орындарында экологиялық тәрбие, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі білім деңгейі және экологиялық құндылықтарды сіңіру артады.

Оқушылар мен студенттерді экологиялық тәрбиелеу, олардың қоршаған ортаны қорғау туралы білім-білігі деңгейін көтеру және экологиялық құндылықтарды бойына сіңіру жөнінде шаралар қабылданатын болады.

Педагог атағына құқық ұлттық біліктілік тестілерінің нәтижелері бойынша берілетін болады, ал аттестаттау жүйесі оқытудың нақты нәтижелеріне бағдарланады.

Білім беру жүйесіне педагогикалық жоғары оқу орындары жанынан қайта даярлаудан өтетін магистр және РhD дәрежелері бар мамандар тартылады.

Информатика мен физиканың ауыл мүғалімдеріне, сондай-ақ робототехника мен бағдарламалау бойынша аудандық конкурстардың, жарыстардың және турнирлердің жеңімпаздарын дайындаған педағогтерге ерекше назар аударылады, олар үшін жалақыға қосымша үстеме жүйелерден басқа, ынталандыру шаралары да әзірленетін болады.

РІSА тестінің нәтижесі бойынша мектепте білім беру сапасын бағалау.

Халықтың мектепке дейінгі/орта білім беру сапасына қанағаттану деңгейі

ТжКБ жүйесі кепілдендірілген бірінші кәсіп дағдыларын алу, ішкі көшіп-қонушыларды қала экономикасына бейімдеу, сондай-ақ сектораралық ағындар кезінде жаңа талаптарға жұмыс күшін бейімдеу жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталатын болады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде тегін кәсіби білім алуға тілек білдірушілердің барлығы толық қамтылатын болады.

Білім беру бағдарламалары жұмыс берушілерде сұранысқа ие сапалы кәсіби және әлеуметтік дағдыларды ұсынуға бағытталатын болады.

ТжКБ жүйесінде ТжКБ ұйымдарының тиімді басшыларын анықтауға және олардың көшбасшылық қабілетін дамытуға бағытталған "ТжКБ көшбасшылары" ("Corpus of TVET leaders") жобасы іске қосылады.

Жұмыс берушілердің қызметкерлерге қоятын талаптары көрсетілген кәсіптік стандарттарды әзірлеу бойынша жұмыс жалғастырылады. Берілген кәсіптік стандарттарды негізге ала отырып, ТжКБ жүйесінде, сол сияқты жоғары білім беру жүйесінде білім беру бағдарламалары қайта қаралып, әзірленіп және бейімделетін болады.

"Жас маман" жобасы шеңберінде жарақтандырылған колледждер базасында кадрларды озық даярлау үшін құзырет орталықтары құрылады.

"Студентке ақша" қағидаты бойынша колледждерге қабылдаудың жаңа форматы енгізіледі. Нәтижесінде колледждердің арасында ашықтық және бәсекеге қабілеттілік қамтамасыз етіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің стратегиялық бағыттары

 

1-стратегиялық бағыт. 21 ғасыр дағдылары бар азаматты кепілді тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету

2-стратегиялық бағыт.

Экономика үшін бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мақсаттары

 

1.1-мақсат

Мектепке дейінгі жастағы балалардың іскерліктері мен дағдыларының даму деңгейін арттыру

1.2-мақсат

Сапалы орта білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, мектеп жасындағы балалардың функционалдық сауаттылық деңгейін арттыру

2.1-мақсат

Еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сапалы техникалық және кәсіптік білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету

 

 

­

 

 

­

 

 

­

 

 

Бюджетные программы

 

003 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға қол жетімділікті қамтамасыз ету»

007 «Мектепке дейінгі мемлекеттік білім беру ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау»

 

004 «Сапалы мектептік білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету»

005 «Орта білімді жаңғырту»

008 «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау»

010 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ мақсатты үлес»

011 «Нұрсұлтан Назарбаев Қорының «EL UMITI» таланттарды анықтау және қолдау бастамасын іске асыру»

012 «Сауықтыру, оңалту және балалардың демалысын ұйымдастыру»

013 «Ғылыми-тарихи құндылықтарға, ғылыми-педагогикалық ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету»

 

006 «Техникалық және кәсіптік білім берумен кадрларды  қамтамасыз ету»

009 «Техникалық және кәсіптік білім беру мемлекеттік ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау»

 

 

2.2 Мемлекеттік органның ережесінде айқындалған өзге де міндеттерді шешуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар

 

 

 

001 «Оқу-ағарту саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру»

 

 

 

 

                 

 

 

3-бөлім. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және нысаналы индикаторлар

 

р/с

№

Нысаналы индикаторлар

Жауаптылар

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

есепті кезеңде

есепті кезеңде

жоспарлы кезеңде

2018

жыл

2019

жыл

2020 жыл

2020 жыл

2021

жыл

2022

жыл

2023

жыл

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1-стратегиялық бағыт. 21 ғасыр дағдылары бар азаматты кепілді тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету

 

Саланың дамуын сипаттайтын макроиндикаторлар:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.

РІSА тестінің нәтижесі бойынша мектепте білім беру сапасын бағалау

Каринова Ш.Т.

Бірінші вице-министр

ЭЫДҰ есебі

балл

 

PISA 2018: математика - 423 балл, жаратылыстану - 397 балл, оқу - 387 балл

 

 

 

PISA2022: математика - 430 балл, жаратылыстану - 402 балл, оқу - 392 балл

 

2.

Халықтың мектепке дейінгі/орта білім беру сапасына қанағаттану деңгейі

Каринова Ш.Т.

Бірінші вице-министр

Сауалнама нәтижелері

%

-

-

65,5

68,4

71,3

74,2

77,1

1.1-мақсат. Мектепке дейінгі жастағы балалардың іскерліктері мен дағдыларының даму деңгейін арттыру

 

Бюджетпен өзара байланысты нысаналы индикаторлар:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту

Каринова Ш.Т.

Бірінші вице-министр

ОАМ-нің әкімшілік деректері

%

95,2

98,5

98,7

99

99,3

99,5

99,7

4.

Біліктілікті арттыру курстарынан өткен мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің үлесі

Каринова Ш.Т.

Бірінші вице-министр

ҚР ОАМ МДБД ресми деректері

%

-

-

13

19

24

30

35

1.2-мақсат. Сапалы орта білімге тең қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, мектеп жасындағы балалардың функционалдық сауаттылық деңгейін арттыру

 

Бюджетпен өзара байланысты нысаналы индикаторлар:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5.

Білім алушылардың оқу жетістіктерінің мониторингі нәтижелері бойынша орташа республикалық көрсеткішке жеткен білім беру ұйымдарының үлесі

Каринова Ш.Т.

Бірінші вице-министр

ҚР ОАМ БССҚК ресми деректері

%

-

-

-

30

40

50

6.

Зияткерлік мектептерінің қатысушы-оқушыларының жалпы санынан мектеп оқушыларының республикалық және халықаралық олимпиадалары мен ғылыми жарыстары жүлдегерлерінің үлесі

Каринова Ш.Т.

Бірінші вице-министр

«НЗМ» ДБҰ деректері

%

39

49,4

40

45

47

49

50

7.

«Мың бала» ауыл мектептері үшін Ұлттық зияткерлік олимпиадаға қатысқан ауыл мектептерінің 5 және 6-сынып оқушыларының үлесі

Каринова Ш.Т.

Бірінші вице-министр

Нұрсұлтан Назар баев қорының

ресми  деректері

%

-

-

-

50

55

60

65

8.

Білім алушылардың оқу жетістіктерінің мониторингі нәтижелері бойынша орташа республикалық көрсеткішке жеткен ауылдағы білім беру ұйымдарының үлесі

Каринова Ш.Т.

Бірінші вице-министр

ҚР ОАМ БССҚК ресми деректері

%

-

-

-

25

27

30

9.

Педагогтердің жалпы санынан біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтердің үлесі

Каринова Ш.Т.

Бірінші вице-министр

ҚР ОАМ ОБК ресми деректері

%

25,5

27

20

21

26,9

24

25

10.

3-9 сынып балаларының жалпы санынан оңалтудан және сауықтырудан өткен балалардың үлесі

Каринова Ш.Т.

Бірінші вице-министр

 

«Балдәурен» РМҚК, «Бөбек» РМҚК,

«Түзету педагогикасы орталығы РММ» деректері

%

 

0,7

 

0,72

 

0,8

 

0,8

 

0,8

 

0,8

 

0,8

 

11.

Әдістемелік қолдаумен қамтамасыз етілген білім беру ұйымдары кітапханаларының үлесі

Каринова Ш.Т.

Бірінші вице-министр

 

«Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана» ММ деректері

%

 

-

-

-

-

8

16

24

2-стратегиялық бағыт. Экономика үшін ТжКБ бар бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау

 

Саланың дамуын сипаттайтын макроиндикаторлар:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

12.

Кәсіптік- техникалық білім беру сапасы

Каринова Ш.Т.

Бірінші вице-министр

ДЭФ ЖБИ есебі

рейтингтегі орын

92

90

-

90

86

82

79

2.1-мақсат. Еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сапалы техникалық және кәсіптік білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету

 

Бюджетпен өзара байланысты нысаналы индикаторлар:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13.

WorldSkills стандарттарын ескере отырып, демонстрациялық емтихандар өткізетін техникалық және технологиялық бейіндегі мемлекеттік колледждердің үлесі

Каринова Ш.Т.

Бірінші вице-министр

ОАМ-нің әкімшілік деректері

%

-

-

10

20

40

60

80

14.

Жаңартылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын және оқу процесіне оқытудың жаңа технологияларын енгізетін мемлекеттік колледждердің педагог қызметкерлерінің үлесі

Каринова Ш.Т.

Бірінші вице-министр

ОАМ-нің әкімшілік деректері

%

20

20

20

20

40

60

80

                           

 

 

 

 

 

 

 

4-бөлім. Ресурстар

 

Ресурстар

Өлшем бірлігі

2018 жыл

2019 жыл

Жоспарлы кезең 

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Қаржылық

мың.
теңге

429 271 649

570 281 672

832 274 871

1 341 831 356

1 464 717 871

1 234 129 506

1 268 683 829

Адами

адам

501

501

501

524

330

330

330

 

Дата публикации
21 ноября 2022