Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестерде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдіруге жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүргізу бойынша өтініштер мен құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру

Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестерде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдіруге жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүргізу бойынша өтініштер мен құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру

 Қазақстан Республикасының Оку-ағарту министрлігі Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестерде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдіруге аккредиттеуді жүргізу жөніндегі өтініштер мен құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды (бұдан әрі – Аккредиттеу).

Аккредиттеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы
30 қарашадағы № 799 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүргізу қағидаларына, аккредиттеудің негіздері мен күшін жою тәртібіне (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.

Аккредиттеу алу үшiн өтiнiш берушi мемлекеттік органға:

1) Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiшті;

2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;

3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін ұсынады.

Мерзімсіз негізде аккредиттеу туралы куәлік алу үшін өтініш беруші өзі жүгінетін мемлекеттік органға аккредиттеу туралы куәліктің үш көшірмесін де ұсынады.

Мемлекеттік органда аккредиттелуге үміткер бірлестіктер мен ұйымдар хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген құжаттар топтамасын ұсынады.

Егер:

1) ұсынылған құжаттар Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін болса;

2) бiрлестiк пен ұйымдар өз мүшелерiнiң мүдделерiн қорғау бойынша қызметтi жүзеге асырмайтын болса;

3) ұсынылған құжаттарда дәйексіз немесе толық емес мәлiметтер қамтылған болса;

4) бірлестік пен ұйым аккредиттеуге арналған құжаттар өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін ұсынылған жағдайларда, аккредиттеу жүзеге асырылмайды.

 

Аккредиттеу туралы куәлiк бекітілген нысан бойынша үш жыл мерзімге берiледi.

Құжаттар пошта арқылы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне мына мекенжай бойынша ұсынылады: Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8 (Министрліктер Үйі), 11 кіреберіс, 817 кабинет.

Жоғарыда аталған құжаттардың сканерленген көшірмелерін электрондық мекенжайға жіберуге болады o.makhmutuly@edu.gov.kz.

Анықтама телефоны: 74-24-20, 8-700-700-50-90.

 Қосымша

Кiмге

 _________________________________

     (орталық мемлекеттiк орган

__________________________________

   басшысының лауазымы, тегі, аты-жөні, әкесінің аты (бар болса)

 

Кiмнен________________________________

(бiрлестiк басшысының лауазымы тегі, аты- жөні, әкесінің аты (бар болса)

 

Деректемелер:______________________

(заңды мекенжайы, байланыс телефоны)

 Өтiнiш

      _________________________________________________________________________

                                                    (орталық мемлекеттiк органының атауы)

      жанындағы жеке кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестiң қызметi шеңберiнде жеке кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргiзу құқығын тану _______________________________________

                                          (бiрлестiктің және/немесе ұйымның атауы)

аккредиттеудi/мерзімсіз негізде аккредиттеуді сұраймын.

      Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiлдi:

  1. ____________________________________________________________________
  2. ____________________________________________________________________
  3. ____________________________________________________________________
  4. ____________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      (қолы) (лауазымы, тегі, аты-жөні, әкесінің аты (бар болса)

      20__ жылғы "___"__________

 

Дата публикации
14 ноября 2022