«Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" ҚР Оқу-ағарту министрі бұйрығының жобасы

«Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

            БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22711 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

          көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларында:

         2- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (бұдан әрі – ББЖМ) білім беру ұйымдарынан тәуелсіз Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 тамызда № 29031 болып тіркелді) бекітілген тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі – МЖБС) сәйкес білім алушылардың білім сапасын жүйелі бақылау болып табылады. ББЖМ кейіннен әдістемелік көмек көрсете отырып және білім беру сапасын қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлей отырып, тестілеу нәтижелерін дайындауды және жүргізуді, өңдеуді және жүйелі талдауды қамтиды.»;

          11- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Тестілеу жыл сайын білім саласындағы уәкілетті орган белгілеген мерзімде тестіленушілер білім алатын орта білім беру ұйымдарының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының базасында өткізіледі.»;

           15, 16 және 17 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Шектеу іс-шаралары, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің шешімі немесе облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының ұсыныстары негізінде ББЖМ-ны өткізбеу туралы шешім қабылдайды.

  1. Тестілеу тапсырмаларының санын, мазмұны мен нысанын, сондай-ақ тестілеуге бөлінетін сағат санын МЖБС-ға сәйкес тест спецификациясы айқындайды.

Тест спецификациясын мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде уәкілетті орган белгілеген ұйым әзірлейді.

  1. Білім беру ұйымдарында ББЖМ-ны ұйымдастыру және өткізу үшін уәкілетті орган Оқу-ағарту министрлігінің уәкілетті өкілдерінің (бұдан әрі – Министрліктің уәкілетті өкілдері) тізімін бекітеді, оның құрамына облыстық, аудандық білім беруді басқару органдарының өкілдері (жауаптылары), Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттерінің өкілдері кіреді.»;

         26 және 27 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«26. Тестілеу рәсімін бағдармалық және техникалық қамтамасыз етуді, ББЖМ нәтижелерін статистикалық өңдеуді уәкілетті орган айқындаған ұйым жүзеге асырады.

  1. ББЖМ нәтижелерінің құқықтық салдары болмайды.».
  2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы                                                               Аты-жөні

 

 

 

 

«Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрі бұйрығының  жобасына анықтама

 

«Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрі бұйрығының жобасы 2022 жылғы 11 маусымдағы № 917 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына (бұдан әрі – Жарлық), 2022 жылғы 19 тамыздағы № 561 « Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына (бұдан әрі – Қаулысы) сәйкестендіру мақсатында әзірленді.

Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және тиімділігің арттыру мақсатында Жарлықта Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне және Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне берілетін функциялары мен өкілеттіктеріне сәйкес қайта ұйымдастыру қарастырылған.

Бұйрық жобасына жоғарыда аталған Жарлық пен Қаулыға сәйкес, сонымен қатар білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторингін жүргізуді реттеу рәсімін жетілдіру шеңберінде өзгерістер енгізілді.

 

 

 

«Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»                                                                                                                 Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрі бұйрығы жобасының салыстырмалы кестесі

 

№

п/п

Құрылымдық  

элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Обоснование

1

2-тармағы

2. Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (бұдан әрі – ББЖМ) білім беру ұйымдарынан тәуелсіз Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17769 болып тіркелген) бекітілген тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі – МЖБС) сәйкес білім алушылардың білім сапасын жүйелі бақылау болып табылады. ББЖМ кейіннен әдістемелік көмек көрсете отырып және білім беру сапасын қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлей отырып, тестілеу нәтижелерін дайындауды және жүргізуді, өңдеуді және жүйелі талдауды қамтиды.

2. Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (бұдан әрі – ББЖМ) білім беру ұйымдарынан тәуелсіз Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) бекітілген тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі – МЖБС) сәйкес білім алушылардың білім сапасын жүйелі бақылау болып табылады.

ББЖМ кейіннен әдістемелік көмек көрсете отырып және білім беру сапасын қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлей отырып, тестілеу нәтижелерін дайындауды және жүргізуді, өңдеуді және жүйелі талдауды қамтиды.

 

Қазіргі қолданыстағы білім беру ұйымдарынан тәуелсіз Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17769 болып тіркелген) бекітілген тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі – МЖБС) сәйкес келтіру үшін.

2

11-тармағы

 

 11. Тестілеу жыл сайын сәуір айында тестіленушілер оқитын орта білім беру ұйымдарының базасында және қараша айында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының базасында өткізіледі.

11. Тестілеу жыл сайын білім саласындағы  уәкілетті орган белгілеген мерзімде тестіленушілер білім алатын орта білім беру ұйымдарының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының базасында өткізіледі.

Іс-тәжірибе жүзіндегі қолданыспен сәйкестендіру.

3

15-тармағы

15. Шектеу іс-шаралары, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің шешімі немесе облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының ұсыныстары негізінде ББЖМ-ны өткізбеу туралы шешім қабылдайды.

 15. Шектеу іс-шаралары, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің шешімі немесе облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының ұсыныстары негізінде ББЖМ-ны өткізбеу туралы шешім қабылдайды.

«Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2022 жылғы 17 қыркүйектегі №1017 Жарлығына»  сәйкес.

4

 16-тармағы

 

 16. Тестілеу тапсырмаларының санын, мазмұны мен нысанын, сондай-ақ тестілеуге бөлінетін сағат санын МЖБС-ға сәйкес тест спецификациясы айқындайды.

Тест спецификациясын "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – ҰТО) әзірлейді.

 

 

16. Тестілеу тапсырмаларының санын, мазмұны мен нысанын, сондай-ақ тестілеуге бөлінетін сағат санын МЖБС-ға сәйкес тест спецификациясы айқындайды.

Тест спецификациясын мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде уәкілетті орган белгілеген ұйым әзірлейді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің " Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім Министрлігінің кейбір мәселелері туралы

19 тамыз 2022 жылғы № 580 қаулысына сәйкес.

5

17-тармағы

17. Білім беру ұйымдарында ББЖМ-ны ұйымдастыру және өткізу үшін уәкілетті

орган Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің уәкілетті өкілдерінің тізімін бекітеді, оның құрамына облыстық, аудандық білім беруді басқаруоргандарының өкілдері (жауаптылары), Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттерінің өкілдері (бұдан әрі – Министрліктің уәкілетті өкілдер) кіреді.

17. Білім беру ұйымдарында ББЖМ-ны ұйымдастыру және өткізу үшін уәкілетті орган Оқу-ағарту министрлігінің уәкілетті өкілдерінің (бұдан әрі – Министрліктің уәкілетті өкілдері) тізімін бекітеді, оның құрамына облыстық, аудандық білім беруді басқару органдарының өкілдері (жауаптылары), Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттерінің өкілдері кіреді.

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 11 маусымдағы № 917 Жарлығына, сонымен қатар, «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы             № 581 Қаулысына сәйкес.

6

26-тармағы

26. ҰТО уәкілетті орган белгілеген мерзімде тестілеу рәсімін бағдармалық және техникалық қамтамасыз етеді және ББЖМ нәтижелерін статистикалық өңдеуді жүзеге асырады.

26. Тестілеу рәсімін бағдармалық және техникалық қамтамасыз етуді, ББЖМ нәтижелерін статистикалық өңдеуді уәкілетті орган айқындаған ұйым жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің " Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім Министрлігінің кейбір мәселелері туралы

19 тамыз 2022 жылғы № 580 қаулысына сәйкес.

7

27-тармағы

27. ББЖМ нәтижелері білім беру ұйымдарының назарына ол аяқталған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде жеткізіледі және құқықтық салдары болмайды.

27. ББЖМ нәтижелерінің құқықтық салдары болмайды.

Іс-тәжірибе жүзіндегі қолданыспен сәйкестендіру мақсатында, сондай-ақ Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларының                  29-тармағына сәйкес ББЖМ нәтижелері бойынша уәкілетті орган білім беру ұйымдарына тестілеу аяқталғаннан кейін үш ай ішінде  әдістемелік ұсыныдарды жолдайды.

 

Дата публикации
21 октября 2022