2022 жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, оларды дайындаған педагогтерді біржолғы сыйақымен көтермелеу туралы

«Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 29 шілдедегі № 347 бұйрығының 17-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге мынадай мөлшерде:

1) жеңімпаздар мен жүлдегерлерге I дәрежелі диплом мен алтын медаль үшін – 1500 АЕК;

2) жеңімпаздар мен жүлдегерлерге II дәрежелі диплом мен күміс медаль үшін – 1000 АЕК;

3) жеңімпаздар мен жүлдегерлерге III дәрежелі диплом мен қола медаль үшін – 500 АЕК;

4) I дәрежелі диплом мен алтын медаль иегерін дайындаған педагогке - базалық лауазымдық айлықақысының 26,5 еселенген мөлшерінде;

5) II дәрежелі диплом мен күміс медаль иегерін дайындаған педагогке         - базалық лауазымдық айлықақысының 17,5 еселенген мөлшерінде;

6) III дәрежелі диплом мен қола медаль иегерін дайындаған педагогке  - базалық лауазымдық айлықақысының 8,5 еселенген мөлшерінде біржолғы біржолғы сыйақы тағайындалсын.

  1. Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің және оларды дайындаған педагогтердің тізімдерін осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
    Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы
    Г.Р. Кәрімоваға  жүктелсін.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

          Министр                                                                                  А. Аймағамбетов

 

Дата публикации
01 ноября 2022