Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, 010000 Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8, 11-кіреберіс, «Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты» ММ директоры бос лауазымдық орнына конкурс жариялайды. Мекеменің орналасқан мекен-жайы: Алматы қаласы, Митин көшесі, 6.
Қызметінің мәні: инновациялық кіріктірілген білім беру моделін жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекемеде қолайлы жағдайлар жасау, қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқыту арқылы сөз өнеріне бейім дарынды оқушылардың әлеуетті мүмкіншіліктерін неғұрлым толық дамыту үшін мамандандырылған жалпы білім беретін элиталық білім беруге қол жеткізу болып табылады.
Кандидатқа қойылатын талаптар: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде соңғы 2 жыл үздіксіз педагогикалық өтілі, облыстық немесе республикалық немесе халықаралық олимпиадалардың, орындаушылар конкурстары мен спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын дайындаған жалпы білім беретін мектепте, гимназияда, лицейде басшының орынбасары немесе басшы лауазымындағы өтілі кемінде 2 жыл;
немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы;
жоғарыда аталған 2 абзацтағы нормаларды қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Қызметтік міндеттері: білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да құқықтық актілерге сәйкес басқарады, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын іске асыруды ұйымдастырады, оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді және т.б.
Лауазымдық жалақы көлемі: еңбек өтіліне қарай 218 770 тенгеден басталады.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады. 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны туралы мәлімет Министрлік сайтында жарияланады.
Конкурстық комиссияның отырысында тәуелсіз сарапшылар мен байқаушылар белгіленген тәртіппен қатысады.
Өтініш пен жоғарыдағы аталған құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінде қабылданатын болады, телефон: 8(7172)74-24-19