Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің білім беру және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесі мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қайта құрылуына байланысты және «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының
15-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі білім беру және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелерінің жаңа құрамын қалыптастырады.
Осыған байланысты, білім беру және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің білім беру және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.
Құжаттарды тапсыру мерзімі конкурс туралы хабарландыру жарияланған күнінен кейін он жұмыс күнін құрайды.
Мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың қатарынан Қоғамдық кеңестің сандық құрамы 21 адамды құрайды.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
10-бабы 2-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері белгіленген мерзімде мынадай құжаттарды тапсырады:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама.
Құжаттар пошта арқылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) мына мекен-жай бойынша ұсынылады: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8 (Министрліктер Үйі), 11-кіреберіс.
Жоғарыда аталған құжаттардың сканерленген көшірмелерін кандидаттар o.makhmutuly@edu.gov.kz электрондық мекен-жайға жіберуге болады. Көрсетілген электрондық мекен-жайға жолданған құжаттардың түпнұсқаларын кандидаттар Білім беру және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысына дейін жібереді.
қосымша
|
Кімге ___________________________ |
Қоғамдық кеңестің құрамына енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.
Мен осы өтініш арқылы «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) ______________________________________________________________
2) ______________________________________________________________
3) ______________________________________________________________
4) ______________________________________________________________
5) ______________________________________________________________
6) ______________________________________________________________
7) ______________________________________________________________
20___ жылғы «____» Өтініш берушінің қолы ___________