Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысының 2022 жылғы 14 шілдедегі № 22-01-7.13 хаттамасының 2.13-тармағын орындау үшін «Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі.
«Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы «Ашық НҚА» порталында талқылау үшін https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14272366 сілтемесі бойынша орналастырылған.