«Білім беру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасынын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына лицензиялауды енгізу нормасын және енгізілетін лицензиялаудың реттеушілік әсерін талдау нәтижелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізу туралы баспасөз хабарламасы

2020 жылғы 28 мамырда «Ашық НҚА» порталында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялауды енгізу бойынша нормаға қатысты «Білім туралы кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі - Заң жобасы) және енгізілетін лицензиялауға өткізілген реттеушілік әсерін талдау нәтижелері орналастырылады.

А.ж. 29 мамырда сағат 11.00-13.00-де бейнеконференция арқылы жоғарыда аталған мәселелер бойынша қоғамдық талқылау өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қоғам өкілдерін және мүдделі мемлекеттік органдарды Заң жобасын және енгізілетін лицензиялаудың реттеушілік әсерін талдау нәтижелерін талқылау үшін дөңгелек үстелге қатысуға шақырады.

Қосымша ақпарат алу үшін +7 (7172) 74-24-30, +7 (7172) 74-24-29, 87778833818, 87478881417 телефондары арқылы хабарласу сұралады.

Дата публикации
25 мая 2020