Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің оқу-ағарту және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің оқу-ағарту және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамын бекіту туралы

 

 

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 және
9-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің оқу-ағарту және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының
    (бұдан әрі - Жұмыс тобы) құрамы бекітілсін.
  2. Жұмыс тобы заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің оқу-ағарту және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңесінің (бұдан әрі - Қоғамдық кеңес) мүшелерін сайлау туралы конкурс жөнінде хабарландыруды орналастырсын;

2) Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын әзірлесін;

3) Қоғамдық кеңестің құрамын қалыптастырсын.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
    Оқу-ағарту министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр                                                                            А. Аймағамбетов

приказ № 428 от 26.10.2022 каз
Дата публикации
27 октября 2022