МҮДДЕЛІЛІК БІЛДІРУГЕ ШАҚЫРУ

 

Мемлекет: Қазақстан Республикасы

«Орта білім беруді жаңғырту» жобасы

Қарыз № 8463-KZ

                           

Тапсырманың атауы: Инклюзивті білім беруді қолдау үшін кадрлық әлеуетті күшейту

Контракт № KZEMP/QCBS -09 (сатып алу жоспарына сәйкес)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі «Орта білім беруді жаңғырту» жобасы (бұдан әрі - жоба) бойынша шығыстарды жабуға Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінен (бұдан әрі - Дүниежүзілік Банк) қаржыландыру алды.

Жобаның мақсаты бастауыш және орта білім беруде, атап айтқанда ауылдық және осал мектептерде сапаны арттыру және теңдікке қол жеткізу болып табылады. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі (бұдан әрі – ҚР ОАМ) атқарушы агенттік болып табылады.

ҚР ОАМ инклюзивті білім беруді қолдау үшін кадрлық әлеуетті күшейту бойынша консультациялық қызметтерге қаражаттың бір бөлігін пайдалануды көздеп отыр.

Аталған консультациялық қызметтердің мақсаты білім беруде, атап айтқанда, ауылдық және осал мектептерде қолжетімділік пен теңдікті арттыру; әртүрлі бұзылулары бар, оның ішінде АСБ бар балаларды тиімді психологиялық – педагогикалық сүйемелдеу үшін педагогтар мен мамандарды оқыту курстарының бағдарламасын әзірлеу және іске асыру арқылы инклюзивті білім беру жағдайында ЕБҚБ балаларға түзету қолдауын көрсету болып табылады.

 

Тапсырманың ұзақтығы – шартқа қол қойылған күннен бастап 16 ай (тапсырманы орындау мерзімі сатып алу және шартқа қол қою рәсімдеріне байланысты өзгертілуі мүмкін).

 

Қызметтер көлемі оқыту бағдарламаларын әзірлеуді және іске асыруды қамтиды: жалпы білім беретін сыныптарда оқу кезінде ЕБҚБ балаларды психологиялық – педагогикалық сүйемелдеу және түзетушілік қолдау бойынша, АВА мінез – құлқын қолданбалы талдаудың базалық курсы бойынша; АВА мінез - құлқын қолданбалы талдаудың бірінші деңгейі бойынша (RBT немесе IBP), ADOS-2 ерте диагностикалау әдістемесі және басқа да озық әдістемелер бойынша. Сондай-ақ АВА оқыту үшін курс тыңдаушыларын іріктеу тетігі мен критерийлерін әзірлеуді қамтиды.

 

Тапсырма шеңберінде ЕБҚБ балаларды психологиялық - педагогикалық сүйемелдеу курсынан, 108 сағаттық бағдарлама бойынша АВА - мінез – құлықты қолданбалы талдаудың негізгі курсынан өткендігі туралы сертификаттарды тапсыра отырып, 230 - дан астам педагог пен мамандарды; кемінде 50 педагог – психологты қолданбалы мінез - құлық талдауына (RBT немесе IBP біліктілігінен төмен емес), ADOS-2 ерте диагностикалау әдістемесіне және курсты аяқтағаннан кейін халықаралық үлгідегі сертификат бере отырып, түзету жұмысының басқа да озық әдістемелеріне оқыту жоспарланған.

 

Есептілік:

Консультант келесі құжаттарды ұсынуға міндетті:

  • Тапсырыс беруші бекіткен оқу бағдарламалары. Тапсырыс берушімен келісілген курстардың толық жұмыс жоспары;
  • Тапсырыс беруші бекіткен қадағалау (супервизия) сессияларының жоспарлары;
  • оқыту курсы тыңдаушыларының тізімі;
  • курстың қолданбалы оқу-әдістемелік материалы;
  • көрсетілетін кеңес беру қызметтерінің кестесіне сәйкес Тапсырыс берушімен келісілген оқыту курстары тыңдаушыларының қолы қойылған сертификаттар беру туралы есеп және т. б.

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігі (бұдан әрі - Тапсырыс беруші) осымен қызмет көрсетуге мүдделілік білдіруге құқылы консультациялық фирмаларды («консультанттар») шақырады. Қызығушылық танытқан Консультанттар қызметтерді орындау үшін қажетті біліктілік пен тиісті тәжірибеге ие екендігін көрсететін ақпаратты ұсынуы керек (бірақ жеке сарапшылардың оқу жоспары емес).

 

Қысқа тізімге енгізу үшін іріктеу критерийлері:  

  • Зерттеу, талдау қызметтерін ұсыну, кадрларды даярлау, ЕБҚБ, оның ішінде АСБ бар балалармен жұмыс істеу үшін мамандардың біліктілігін арттыру бойынша кемінде 3 жыл халықаралық тәжірибе. Дүниежүзілік банк жобаларында жұмыс тәжірибесінің болуы артықшылық болады;
  • Халықаралық стандарттарға сәйкес сертификаттауға мінез-құлықты қолданбалы талдау бойынша мамандарды оқыту және даярлау бойынша кемінде 3 жыл тәжірибесі;
  • Білікті сарапшылардың, оның ішінде тиісті салаларда жұмыс тәжірибесі бар кемінде 5 халықаралық сарапшының болуы.

 

Негізгі сарапшылар қысқа тізімді қалыптастыру кезеңінде бағаланбайды.

Мүдделі Консультанттардың назары Дүниежүзілік банк басшылығының 1.9-тармағына аударылады: 2011 жылғы қаңтардағы «Дүниежүзілік банк қарыз алушыларының ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері мен гранттары шеңберінде консультанттарды іріктеу және жалдау» («Консультанттарды іріктеу жөніндегі Нұсқаулық») (2014 жылғы шілде редакциясы)", онда Дүниежүзілік банктің мүдделер қақтығысына қатысты саясаты баяндалады.

Консультациялық компаниялар өздерінің біліктілігін арттыру үшін бірлескен кәсіпорын (БК), консорциум немесе субконсультант түрінде басқа компаниялармен біріге алады. Бірлестіктің түрі мүдделілік білдіруде нақты көрсетілуі керек. Бірлескен кәсіпорын жағдайында бірлескен кәсіпорын бойынша барлық серіктестер, егер олар іріктелсе, бүкіл келісімшарт бойынша ортақ жауаптылықта болады.

Консультациялық фирмалар Консультанттарды іріктеу жөніндегі нұсқамада баяндалған сапасы мен құны бойынша іріктеу әдісіне (СҚБІ) сәйкес іріктелетін болады.

Қосымша ақпаратты төменде көрсетілген мекенжай бойынша жұмыс уақытында 09:00-ден 18:00-ге дейін (Нұр-сұлтан қ. уақыты) алуға болады.

Тиісті растайтын құжаттары бар PDF форматында уәкілетті тұлға қол қойған мүдделілік білдіру n.kaulanova@eduproject.kz электрондық мекенжайына жіберілуі немесе төменде көрсетілген мекенжай бойынша 2022 жылғы 17 қазан сағат 18:00-ден (Нұр-сұлтан қ.уақыты) кешіктірмей ұсынылуы тиіс.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі

"Орта білім беруді жаңғырту" жобасы

Жобаны Басқару Тобы

 

Назарына: Кауланова Нурия, ЖБТ сатып алу жөніндегі маманы,

 

Мекен-жайы:

Қазақстан, Нұр-сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 10

«Kazyna Towers» Бизнес орталығы, 10 қабат, 1004 кеңсе

 

Қосымша ақпарат алу үшін Жобаны басқару тобына электрондық пошта арқылы хабарласыңыз: n.kaulanova@eduproject.kz немесе телефон арқылы:+7 7172 64 57 96

 

  • Компания туралы ақпарат

 

Күні:

Тіркелген елі:

Консультанттың Атауы:

Акроним:

Мүдделілік білдіруді ұсыну үшін уәкілетті тұлға:

Лауазымы

 

  • Қаумдастықтар (Бірлескен кәсіпорын немесе Суб-Консультант)

 

Консультант

Акроним

Тіркелген елі:

Бірлескен кәсіпорын немесе Суб-Консультант

Мүдделілік білдіруді ұсыну үшін уәкілетті тұлға:

Лауазымы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырманы дербес орындау (қажет болған жағдайда) емес, басқалармен бірлесіп жұмыс істеудің (БК немесе субконсультанттың) негіздемесі мен артықшылықтарын көрсетіңіз. Қауымдастықтың басқару мен үйлестіруге ұсынылған тәсілін және әр компанияның рөлін сипаттаңыз

 

 

  • Техникалық құзыреттілік

Жоба бойынша ұсыныстар - ұқсас тапсырмаларды орындау кезінде ұйымыңыздың/ консорциумның техникалық біліктілігіне назар аударыңыз. Ұқсас жобалық ұйымдармен жұмыс істеу тәжірибесі туралы толық ақпарат беріңіз.

 

  • Географиялық тәжірибе

Жобаларға сілтемелер, ұқсас географиялық салалардағы тәжірибе.

 

  • Басқару тәжірибесі

- Тапсырыс берушілермен сапалы өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету және нәтижелерге қол жеткізу үшін сіздің ұйымыңыз бар стандартты саясатты, рәсімдерді және практиканы сипаттаңыз. Сіздің компанияңыздың ISO стандарты бойынша сертификатталғанын көрсетіңіз.

- Сіздің компанияңыз / консорциум сарапшылардың жұмысына немесе алдыңғы және болашақ тапсырмалар бойынша ұсынылатын есептердің сапасына қатысты шағымдарды қалай қарайды? Шағымдарды қарау және шешу үшін ішкі бақылаудың қандай құралдары бар?

- Сіз өз компанияңыздың/ консорциумның жұмыс сапасын тапсырмаларды орындау мерзімі ішінде қалай қамтамасыз етесіз.

 

 

  • Жобалар бойынша ұсынымдар

Компанияның техникалық біліктілігі мен географиялық тәжірибесін көрсету үшін тиісті жобаларды ұсыныңыз (ең көбі 10 жоба).

 

№

Жоба

Кезең

Тапсырыс беруші

Ел

Компания

1

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

….

 

 

 

 

 

……

 

 

 

 

 

 

  • Жоғарыда көрсетілген жобалардың түйіндемесі

 

 

Жоба атауы

 

Ел/Өңір

 

Басталу күні

 

Аяқталу күні

 

Үздіксіз/Үзікті

 

Тапсырып беруші

 

Қаржыландыру көзі

 

Сипаттамасы

(Рөліңіз бен адам-ай үлесіңізді көрсетіңіз)

 

  • Құқықтылық

 

Біз, төменде қол қоюшылар, бізге қаншалықты белгілі екенін куәландырамыз:

 

- Біз хабарландырумен, оның ішінде осы тапсырма бойынша техникалық тапсырмамен (ТТ) таныстық (ИӘ/ЖОҚ)

 

- Консалтингтік фирма да, БК мүшесі де, субконсультант та, оның ешбір сарапшысы да осы қызметке ТҚ дайындаған жоқ (ИӘ/ЖОҚ)

 

- Біз осы мүдделілік білдірудің бір бөлігі ретінде ұсынылған жобаларға сілтемелер аталған компанияның/ консорциумның тәжірибесін дәл көрсететінін растаймыз. (ИӘ / ЖОҚ)

 

- Егер Келесі тапсырма осы тапсырма шеңберіндегі жұмысымыздың нәтижесі болса, біздің фирма, БК мүшесі немесе субконсультант, сондай-ақ сарапшы(лар) қысқа тізімнен және тапсырмаға қатысудан шеттетіледі.

 

- Жетекші ұйым және БК мүшесі немесе субконсультант қазіргі уақытта Халықаралық даму банктерінің немесе басқа ХДБ санкцияларында жоқ. Консалтингтік фирма да, БК мүшесі де, субконсультант та ешқашан кәсіби этиканы бұзғаны немесе ұрлық, сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, сөз байласу немесе мәжбүрлеу қылмысы үшін сотталған емес.

 

 

Дата публикации
03 октября 2022