Мемлекет: Қазақстан Республикасы
«Орта білім беруді жаңғырту» жобасы
Қарыз № 8463-KZ
Тіркеу нөмірі: № KZEMP/CQS-07
Тапсырманың атауы: Тәуелсіз тараптың Жобаны бақылау және бағалауы
Қазақстан Республикасының Үкіметі «Орта білім беруді жаңғырту» жобасы (бұдан әрі - жоба) бойынша шығыстарды жабуға Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінен (бұдан әрі - Дүниежүзілік Банк) қаржыландыру алды.
Жобаның мақсаты бастауыш және орта білім беруде, атап айтқанда ауылдық және осал мектептерде сапаны арттыру және теңдікке қол жеткізу болып табылады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – ҚР БҒМ) атқарушы агенттік болып табылады.
ҚР БҒМ тәуелсіз тараптың жобаны бақылау және бағалауы бойынша консультациялық қызметтерге қаражаттың бір бөлігін пайдалануды көздеп отыр.
Осы консультациялық қызметтердің мақсаты жобада көзделген іс-шараларды және олардың қысқа мерзімді және орта мерзімді нәтижелерін жан-жақты бағалау арқылы Жобаның қызметіне және оның тиімділігіне бағалау жүргізу, сондай-ақ ЖДМ мен оның аралық нәтижелеріне қол жеткізуді тәуелсіз бағалау үшін верификация жүргізу болып табылады.
Көрсетілетін қызметтер көлемі барлық құжаттарды зерделеу және жобаның ықпалына дейін және одан кейін білім беру жүйесін салыстырмалы талдау жолымен жоба іс-шараларының тиімділігін бағалауды, сондай-ақ жобаның нысаналы индикаторларына қол жеткізуіне верификация жүргізуді қамтиды.
Тапсырманың ұзақтығы-2022 жылдың қазанынан 2024 жылдың мамырына дейін.
Осы консультациялық қызметтер үшін техникалық тапсырма (ТТ) осы Мүдделілік білдіруге шақыруға қоса беріледі.
ҚР Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Тапсырыс беруші) осымен қызмет көрсетуге мүдделілік білдіруге құқылы консультациялық фирмаларды («консультанттар») шақырады. Қызығушылық танытқан Консультанттар қызметтерді орындау үшін қажетті біліктілік пен тиісті тәжірибеге ие екендігін көрсететін ақпаратты ұсынуы керек (бірақ жеке сарапшылардың оқу жоспары емес).
Қысқа тізімге енгізу үшін іріктеу критерийлері:
Негізгі сарапшылар қысқа тізімді қалыптастыру кезеңінде бағаланбайды.
Мүдделі Консультанттардың назары Дүниежүзілік банк басшылығының 1.9-тармағына аударылады: 2011 жылғы қаңтардағы «Дүниежүзілік банк қарыз алушыларының ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері мен гранттары шеңберінде консультанттарды іріктеу және жалдау» («Консультанттарды іріктеу жөніндегі Нұсқаулық») (2014 жылғы шілде редакциясы)", онда Дүниежүзілік банктің мүдделер қақтығысына қатысты саясаты баяндалады.
Консультациялық компаниялар өздерінің біліктілігін арттыру үшін бірлескен кәсіпорын (БК), консорциум немесе субконсультант түрінде басқа компаниялармен біріге алады. Бірлестіктің түрі мүдделілік білдіруде нақты көрсетілуі керек. Бірлескен кәсіпорын жағдайында бірлескен кәсіпорын бойынша барлық серіктестер, егер олар іріктелсе, бүкіл келісімшарт бойынша ортақ жауаптылықта болады.
Консультациялық фирмалар Консультанттарды іріктеу жөніндегі нұсқамада баяндалған консультанттардың біліктілігі негізінде іріктеу әдісіне (КБНІ) сәйкес іріктелетін болады.
Қосымша ақпаратты төменде көрсетілген мекенжай бойынша жұмыс уақытында 09:00-ден 18:00-ге дейін (Нұр-сұлтан қ. уақыты) алуға болады.
Тиісті растайтын құжаттары бар PDF форматында уәкілетті тұлға қол қойған мүдделілік білдіру n.kaulanova@eduproject.kz электрондық мекенжайына жіберілуі немесе төменде көрсетілген мекенжай бойынша 2022 жылғы 10 қазан сағат 18:00-ден (Нұр-сұлтан қ.уақыты) кешіктірмей ұсынылуы тиіс.
ҚР Білім және ғылым министрлігі
"Орта білім беруді жаңғырту" жобасы
Жобаны Басқару Тобы
Назарына: Кауланова Нурия, ЖБТ сатып алу жөніндегі маманы,
Мекен-жайы:
Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 10
«Kazyna Towers» Бизнес Орталығы, 10 қабат, 1004 кеңсе
Қосымша ақпарат алу үшін Жобаны басқару тобына электрондық пошта арқылы хабарласыңыз: n.kaulanova@eduproject.kz немесе телефон арқылы:+7 7172 64 57 94