«Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту және "Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз-релизі

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту және «Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын  (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.

Жоба «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 22-2) тармақшасында белгіленген құзыретке сәйкес әзірленді.

Жоба арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 қаулысын (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды дамыту және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Заңның 47-бабының 17 – 17-3-тармақтарына сәйкес келтіру көзделген.

Өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын Заңның 26-бабының 8-тармағының 6) тармақшасында белгіленген квота шегінде педагогикалық, ауыл шаруашылығы және техникалық мамандықтар бойынша оқуға түскен ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтарының жұмыспен өтеу тәртібіне,  сондай-ақ «мүгедектер» термінін «мүгедектігі бар адамдар» терминіне алмастыруға қатысты. 

Енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жұмыспен өтеу мерзімін үш жылдан екі жылға дейін қысқарту және жұмысты өтеу үшін қоныс аударуға арналған өңірлер санын көбейту арқылы Заң мен Қағидаларды жұмсартуға бағытталған, бұл өз кезегінде жұмыспен қамту рәсімін жеңілдетіп, еңбек күші тапшы өңірлердегі ағымдағы және кейінгі оқу жылдары кадрлардың кетуі мен тұрақтануы мәселесін ішінара шешуге көмектесуі тиіс.  

Жоба алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Жобаның мәтінімен www.legalacts.egov.kz (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14166864) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.

Дата публикации
27 июля 2022