Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторларын есептеу әдістемесін бекіту туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
65-бабының 3-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 93 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ұлттық даму жоспарын, елдің аумақтық даму жоспарын, саланы/аяны дамыту тұжырымдамасын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, мониторингтеу, іске асыру, бағалау және бақылау әдістемесінің 59-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторларын есептеу әдістемесі бекітілсін.
  2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.
  3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
  5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

         Министр                                                                         А. Аймағамбетов

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

__________________________

2022 жылғы «___» ________

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы

__________________________

2022 жылғы «___» ________

 

 

 

Дата публикации
18 августа 2022