Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Оқу-ағарту және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерінің позициясына кандидатуралар ұсыну бойынша белсенділіктің төмен болуына байланысты Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін сайлау туралы конкурс өткізу мерзімі 2022 жылғы 5 тамызға дейін ұзартылды.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің 7-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері белгіленген мерзімде мынадай құжаттарды тапсырады:
1) 1.1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы азаматтың өтініші;
2) кандидатураны (бар болған кезде) жұмыс тобының мүшесіне ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;
3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.
Құжаттар пошта арқылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне мына мекенжай бойынша ұсынылады: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй (Министрліктер Үйі), 11-кіреберіс.
Жоғарыда аталған құжаттардың сканерленген көшірмелерін a.stamkulova@edu.gov.kz электрондық мекен-жайға жіберуге болады.
Жұмыс тобы құрамының саны 7 адам.