Қазақстан Республикасының Конституциясы
Конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды.
Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген
Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде
мемлекеттiлiк құра отырып,
өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық
мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық
қоғам деп ұғына отырып,
дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын
алуды тілей отырып,
қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы
жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып,
өзіміздің егемендік құқығымызды негізге
ала отырып
осы Конституцияны қабылдаймыз.
I бөлім
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 21.12.2001 N 18/2 қаулысын қараңыз.
2-бап
3-1. Нұр-Сұлтан қаласының шегінде конституциялық заңға сәйкес қаржы саласында ерекше құқықтық режим белгіленуі мүмкін.
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 23.04.2003 N 4 қаулысын қараңыз.
Ескерту. 2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.05.2007 N 254-ІІІ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 23.03.2019 № 238-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
3-бап
Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге Республика Президентінің, сондай-ақ өзінің конституциялық өкілеттігі шегінде Парламенттің құқығы бар. Республика Үкіметі мен өзге де мемлекеттік органдар мемлекет атынан оларға берілген өкілеттіктері шегінде ғана билік жүргізеді.
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 12.04.2001 N 1/2 қаулысын қараңыз.
4-бап
Ескертпе. 08.06.2022 ҚР Заңымен 1-тармақты жаңа редакцияда жазу көзделген (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Сотының және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады.
Ескертпе. 08.06.2022 ж. Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары Конституцияға қайшы келмейтін бөлігінде оларды Конституциялық Сот қайта қарағанға дейін қолданылады.
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 11.10.2000 N 18/2; 05.11.2009 N 6 қаулыларын қараңыз.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5-бап
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 07.06.2000 N 4/2 қаулысын қараңыз.
Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.05.2007 N 254-ІІІ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6-бап
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 03.11.1999 N 19/2; 13.04.2000 N 2/2; 12.04.2001 N 1/2; 23.04.2003 N 4 қаулыларын қараңыз.
Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7-бап
8-бап
Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын құрметтейді, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынас жасау, олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тартады.
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 12.04.2001 N 1/2 қаулысын қараңыз.
9-бап
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы және Гимні бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді.
Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.05.2007 N 254-ІІІ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
II бөлім
АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТ
10-бап
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 01.12.2003 N 12 қаулысын қараңыз.
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
11-бап
12-бап
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 01.12.2003 N 12; 18.04.2007 N 4 қаулыларын қараңыз.
13-бап
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 29.03.1999 N 7/2; 15.02.2002 N 1 қаулыларын қараңыз.
14-бап
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 10.03.1999 N 2/2; 29.03.1999 N 7/2 қаулыларын қараңыз.
15-бап
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 30.01.2003 N 10 қаулысын; 15.12.2020 № 4 нормативтік қаулысын қараңыз.
Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.05.2007 N 254-ІІІ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
16-бап
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 31.12.2003 N 13 қаулысын қараңыз.
Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.05.2007 N 254-ІІІ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
17-бап
18-бап
Ескерту. ҚР Конститутциялық Кеңесінің 20.08.2009 N 5 Нормативтік қаулысын қараңыз.
19-бап
20-бап
21-бап
22-бап
23-бап
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 05.07.2000 N 13/2 қаулысын қараңыз.
Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
24-бап
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 10.03.1999 N 2/2 қаулысын қараңыз.
Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
25-бап
26-бап
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 16.06.2000 N 6/2; 20.12.2000 N 21/2; 01.07.2005 N 4; 28.05.2007 N 5 қаулыларын қараңыз.
27-бап
28-бап
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 12.03.1999 N 3/2 қаулысын қараңыз.
29-бап
30-бап
31-бап
32-бап
Қазақстан Республикасының азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға хақылы. Бұл құқықты пайдалану мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделері үшін заңмен шектелуі мүмкін.
33-бап
Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.10.1998 N 284-І (жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi) Заңымен.
34-бап
Ескерту. 34-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.05.2007 N 254-ІІІ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
35-бап
Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады.
36-бап
37-бап
Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті.
38-бап
Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.
39-бап
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 28.05.2007 N 5 қаулысын қараңыз.
Ескерту. 39-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
III бөлім
ПРЕЗИДЕНТ
40-бап
41-бап
3-1. Президенттің кезектен тыс сайлауы Республика Президентінің шешімімен тағайындалады және конституциялық заңда белгіленген тәртіп пен мерзімде өткізіледі.
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 09.10.1998 N 9/2; 19.08.2005 N 5 қаулыларын қараңыз.
Ескерту. 41-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.10.1998 N 284-І (жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi); 21.05.2007 N 254-ІІІ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 02.02.2011 N 403-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
42-бап
Ескерту. 42-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.10.1998 N 284-І (жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi); 21.05.2007 N 254-ІІІ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
43-бап
Ескерту. 43-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.05.2007 N 254-ІІІ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
44-бап
Қазақстан Республикасының Президенті:
1) Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайын жолдау арнайды;
2) Республика Парламентіне және оның Палатасына кезекті және кезектен тыс сайлау тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды; Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақырады; Парламент Сенаты ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады;
Ескертпе. 08.06.2022 ҚР Заңымен 2) тармақшаға өзгеріс көзделген (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі):
2) Республика Парламентіне және оның Палатасына кезекті және кезектен тыс сайлау тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды; Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақырады; Парламент ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады;
3) Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациялардан кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Республика Премьер-Министрінің кандидатурасын енгізеді; Парламент Мәжілісінің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды; Республиканың Премьер-Министрін қызметтен босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Үкіметтің құрылымын айқындайды; Парламент Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министр енгізген ұсынумен Үкімет мүшелерін қызметке тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерін қызметке дербес тағайындайды; Үкімет мүшелерін қызметтен босатады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша қажеттігіне қарай Үкімет отырыстарына төрағалық етеді;
4) Парламент Сенатының келісімімен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасын, Ұлттық Банкінің Төрағасын, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын, Бас Прокурорын жəне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке тағайындайды; оларды қызметтен босатады;
5) Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарды құрады, таратады және қайта құрады, олардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
6) Республика дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларын тағайындайды және кері шақырып алады;
7) Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын және екі мүшесін, Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасын және екі мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды;
Ескертпе. 08.06.2022 ж. Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жоғары аудиторлық палата құрылғанға дейін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы мен мүшелері өз өкілеттіктерін сақтайды.
8) алып тасталды - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
9) алып тасталды - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
10) республикалық референдум өткізу жөнінде шешім қабылдайды;
10-1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, егемендігі мен тұтастығын қамтамасыз ету мүддесінде, күшіне енген заңды немесе өзге де құқықтық актіні Республика Конституциясына сәйкестігіне қарау туралы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда қорытынды беру туралы Конституциялық Кеңеске өтініш жолдайды;
Ескертпе. 08.06.2022 ҚР Заңымен 10-1) тармақшаға өзгеріс көзделген (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі):
10-1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, егемендігі мен тұтастығын қамтамасыз ету мүддесінде, күшіне енген заңды немесе өзге де құқықтық актіні Республика Конституциясына сәйкестігіне қарау туралы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда қорытынды беру туралы Конституциялық Сотқа өтініш жолдайды;
11) келіссөздер жүргізеді және Республиканың халықаралық шарттарына қол қояды; бекіту грамоталарына қол қояды; өзінің жанында тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және өзге де өкілдерінің сенім грамоталары мен кері шақырып алу грамоталарын қабылдайды;
12) Республика Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады, Қарулы Күштердің жоғары қолбасшылығын тағайындайды және ауыстырып отырады;
13) Республиканың мемлекеттік наградаларымен марапаттайды, құрметті, жоғары әскери және өзге атақтарды, сыныптық шендерді, дипломатиялық дәрежелерді, біліктілік сыныптарын береді;
14) Республиканың азаматтығы, саяси баспана беру мәселелерін шешеді;
15) азаматтарға кешірім жасауды жүзеге асырады;
16) Республиканың демократиялық институттарына, оның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, азаматтарының қауіпсіздігіне елеулі және тікелей қатер төнген, мемлекеттің конституциялық органдарының қалыпты жұмыс істеуі бұзылған ретте, Премьер-Министрмен және Республика Парламенті Палаталарының Төрағаларымен ресми консультациялардан кейін Республика Парламентіне дереу хабарлай отырып, Қазақстанның бүкіл аумағында және оның жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізуді, Республиканың Қарулы Күштерін қолдануды қоса алғанда, аталған жағдаяттар талап ететін шараларды қолданады;
17) Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген ретте Республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізеді, ішінара немесе жалпы мобилизация жариялап, бұл туралы Республика Парламентіне дереу хабарлайды;
18) өзіне бағынысты Мемлекеттік күзет қызметін жасақтайды;
19) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, оның мәртебесі мен өкілеттігін анықтайды; Республика Президентінің Әкімшілігін құрады;
20) Қауіпсіздік Кеңесін және өзге де консультативтік-кеңесші органдарды, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Жоғары Сот Кеңесін құрады;
21) Республиканың Конституциясы мен заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 30.06.1999 N 10/2; 03.07.2000 N 15/2; 12.11.2001 N 14/2; 18.10.2010 N 3 қаулыларын қараңыз.
Ескерту. 44-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.10.1998 N 284-І (жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi); 21.05.2007 N 254-ІІІ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
45-бап
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 03.07.2000 N 15/2; 26.06.2008 N 5 Нормативтік қаулысын қараңыз.
Ескерту. 45-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
46-бап
47-бап
Ескертпе. 08.06.2022 ҚР Заңымен 1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі):
1. Қазақстан Республикасының Президенті науқастануына байланысты өзінің міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіздігі дендеген жағдайда қызметінен мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Бұл ретте Парламент әр Палата депутаттарының тең санынан және медицинаның тиісті салаларының мамандарынан тұратын комиссия құрады. Мерзімінен бұрын босату туралы шешім Парламент Палаталарының бірлескен отырысында комиссияның қорытындысымен белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы Конституциялық Сот қорытындысы негізінде әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілігімен қабылданады.
Ескертпе. 08.06.2022 ҚР Заңымен 2-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі):
2. Республиканың Президенті өзінің міндеттерін атқару кезіндегі іс-әрекеті үшін тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап береді және бұл үшін Парламент оны қызметінен кетіруі мүмкін. Айып тағу және оны тексеру туралы шешім Мәжіліс депутаттарының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша депутаттардың жалпы санының көпшілігімен қабылдануы мүмкін. Тағылған айыпты тексеруді Сенат ұйымдастырады және оның нәтижелері Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен Парламент Палаталары бірлескен отырысының қарауына беріледі. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім айып тағудың негізділігі туралы Жоғарғы Сот қорытындысы және белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы Конституциялық Соттың қорытындысы болған жағдайда әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілік даусымен Парламент Палаталарының бірлескен отырысында қабылданады. Айып тағылған кезден бастап екі ай ішінде түпкілікті шешім қабылдамау Республика Президентіне қарсы тағылған айыптың күші жойылған деп тануға әкеп соғады. Республиканың Президентіне мемлекетке опасыздық жасады деп тағылған айыптың қабылданбауы оның қай кезеңінде де осы мәселенің қаралуына себепші болған Мәжіліс депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкеп соғады.
Ескерту. 47-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.05.2007 N 254-ІІІ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
48-бап
Ескерту. 48-бап жаңа редакцияда - ҚР 07.10.1998 N 284-І (жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi) Заңымен.
IV бөлім
ПАРЛАМЕНТ
49-бап
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 14.07.1999 N 13/2 қаулысын қараңыз.
Ескерту. 49-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.10.1998 N 284-І (жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi); 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
50-бап
Ескертпе. 08.06.2022 ж. Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2-тармақтың ережелері сегізінші сайланған Парламент Мəжілісі депутаттарының сайлауынан бастап мынадай редакцияда қолданылады:
2. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенаттың он депутатын, оның ішінде бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша Республика Президенті тағайындайды.
Ескертпе. 08.06.2022 ж. Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 3-тармақтың ережелері сегізінші сайланған Парламент Мəжілісі депутаттарының сайлауынан бастап мынадай редакцияда қолданылады:
3. Мəжіліс конституциялық заңда белгіленген тəртіппен аралас сайлау жүйесі бойынша: біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік ету жүйесі бойынша, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын тоқсан сегіз депутаттан тұрады.
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 15.03.1999 N 1/2; 29.11.1999 N 24/2; 11.02.2003 N 1; 12.02.2004 N 1 қаулыларын қараңыз.
Ескерту. 50-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.10.1998 N 284-І (жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi); 21.05.2007 N 254-ІІІ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
51-бап
Ескертпе. 08.06.2022 ж. Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 1-тармақтың ережелері сегізінші сайланған Парламент Мəжілісі депутаттарының сайлауынан бастап мынадай редакцияда қолданылады:
1. Мəжілістің депутаттарын сайлау жалпыға бірдей, тең жəне төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мəжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 18.03.1999 N 5/2; 29.11.1999 N 24/2; 11.02.2003 N 1 қаулыларын қараңыз.
Ескерту. 51-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.10.1998 N 284-І (жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi); 21.05.2007 N 254-ІІІ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
52-бап
Парламент депутаты:
1) ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен;
2) оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
3) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан кезде өз мандатынан айырылады.
Парламент Мəжілісінің депутаты:
1) депутат конституциялық заңға сəйкес партиялық тізім негізінде өзін сайлаған саяси партиядан шыққан немесе шығарылған;
2) конституциялық заңға сəйкес партиялық тізім негізінде депутатты сайлаған саяси партия қызметін тоқтатқан;
3) бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты конституциялық заңда айқындалатын тəртіппен сайлаушылар кері шақырып алған кезде өз мандатынан айырылады.
Парламент Сенатының тағайындалған депутаттарының өкілеттігі Республика Президентінің шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Парламент және Парламент Мәжілісі депутаттарының өкілеттігі тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісі таратылған жағдайларда тоқтатылады.
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 17.05.2001 N 7/2; 13.12.2001 N 19/2; 30.01.2003 N 10; 11.02.2003 N 1; 12.05.2003 N 5; 25.08.2004 № 9 қаулыларын қараңыз.
Ескерту. 52-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.10.1998 N 284-І (жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi); 21.05.2007 N 254-ІІІ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
53-бап
Палаталардың бірлескен отырысында Парламент:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
Ескертпе. 08.06.2022 ҚР Заңында 53-бапты 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтыру көзделген (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі):
1-1) конституциялық заңдарды қабылдайды;
1-2) Республика Президентінің қарсылығын туғызған конституциялық заңдар немесе конституциялық заңның баптары бойынша қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзімде қайталап талқылау мен дауысқа салуды жүргізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылықтарының қабылданғанын білдіреді. Егер Парламент əрбір Палата депутаттарының жалпы санының төрттен үшінің көпшілік даусымен Президенттің қарсылықтарын еңсерсе, Президент бір ай ішінде конституциялық заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылықтары еңсерілмесе, конституциялық заң қабылданбады немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі;
2) Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді. Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін Парламенттің бекітпеуі Парламенттің Үкіметке сенімсіздік білдіргенін көрсетеді;
Ескертпе. 08.06.2022 ж. Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жоғарғы аудиторлық палатаның құрамы қалыптастырылғанға дейін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыруды жалғастырады.
3) алып тасталды - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
4) соғыс және бітім мәселелерін шешеді;
5) Республика Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Республиканың Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешім қабылдайды;
6) Конституциялық Кеңестің Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды;
Ескертпе. 08.06.2022 ҚР Заңымен 6) тармақшаға өзгеріс көзделген (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі):
6) Конституциялық Соттың Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды;
7) палаталардың бірлескен комиссияларын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметтен босатады, комиссиялардың қызметі туралы есептерді тыңдайды;
8) Парламентке Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 26.06.2008 N 5 Нормативтік қаулысын қараңыз.
Ескерту. 53-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.05.2007 N 254-ІІІ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
54-бап
Ескертпе. 08.06.2022 ҚР Заңымен 1-тармақтың бірінші абзацын жаңа редакцияда жазу көзделген (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Парламент Палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі – Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы заңдар қабылдайды, оның ішінде:
1) республикалық бюджетті бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
2) мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды;
3) Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелерін шешу тәртібін белгілейді;
4) мемлекеттік наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметті, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерін, дипломатиялық дәрежелерін белгілейді, Республиканың мемлекеттік рәміздерін айқындайды;
5) мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді;
6) рақымшылық жасау мәселелерін шешеді;
7) Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялайды және олардың күшін жояды.
1) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерді талқылайды;
2) Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылықтарының қабылданғанын білдіреді. Егер Мәжіліс пен Сенат әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екі көпшілік даусымен бұрын қабылданған шешімді растайтын болса, Президент бір ай ішінде заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылығын ең болмаса палаталардың бірі еңсермесе, заң қабылданбайды немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі. Парламент қабылдаған конституциялық заңдарға Мемлекет басшысының қарсылығы осы тармақшада көзделген тәртіппен қаралады. Бұл ретте Парламент Президенттің конституциялық заңдарға қарсылығын әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде төрттен үшінің даусымен еңсереді;
Ескертпе. 08.06.2022 ҚР Заңымен 2-тармақтың 2) тармақшасын жаңа редакцияда жазу көзделген (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі):
2) Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзімде қайталап талқылау мен дауысқа салуды жүргізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылықтарының қабылданғанын білдіреді. Егер Мәжіліс пен Сенат әрбір Палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен Президенттің қарсылықтарын еңсерсе, Президент бір ай ішінде заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылығын ең болмаса Палаталардың бірі еңсермесе, заң қабылданбады немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі;
3) республикалық референдум тағайындау туралы бастама көтереді.
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 15.10.2008 N 8 Нормативтік қаулысын қараңыз.
Ескерту. 54-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.05.2007 N 254-ІІІ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
55-бап
Сенаттың ерекше қарауына мыналар жатады:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын және Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау және қызметтен босату, олардың анттарын қабылдау;
1-1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді бес жыл мерзімге қызметке сайлау және оны қызметінен босату;
2) Республика Президентінің Республика Конституциялық Сотының Төрағасын, Ұлттық Банкінің Төрағасын, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын, Бас Прокурорын, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру;
3) Республиканың Бас Прокурорын, Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяларын, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уəкілді оларға ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру;
4) алып тасталды - ҚР 21.05.2007 N 254-ІІІ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5) Мәжілістің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, ол уақытша болмаған кезеңде Республика Парламентінің конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөніндегі функцияларын орындау;
6) Конституциямен Парламент Сенатына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 05.07.2000 N 11/2 қаулысын қараңыз.
Ескерту. 55-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 21.05.2007 N 254-ІІІ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
56-бап
1) Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және осы жобаларды қарау;
Ескертпе. 08.06.2022 ҚР Заңымен 1) тармақшаға өзгеріс көзделген (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі):
1) Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау;
2) Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен Республика Президентіне Республика Премьер-Министрін тағайындауға келісім беру;
3) Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау;
3-1) Жоғары аудиторлық палата Төрағасының есебін жылына екі рет тыңдау;
Ескертпе. 08.06.2022 ж. Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жоғарғы аудиторлық палатаның құрамы қалыптастырылғанға дейін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыруды жалғастырады, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы мен мүшелері өз өкілеттіктерін сақтайды.
4) Конституциямен Парламент Мәжілісіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескерту. 56-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.05.2007 N 254-ІІІ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
57-бап
Парламенттің әр Палатасы дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз:
1) Конституциялық Соттың үш судьясын қызметке тағайындайды; Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін, Жоғары аудиторлық палатаның үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды;
2) Конституцияның 47-бабының 1-тармағында көзделген ретте Парламент құратын комиссия мүшелерінің тең жартысына өкілеттік береді;
3) Палаталардың бірлескен комиссиялары мүшелерінің тең жартысын сайлайды;
4) Палаталар депутаттарының өкілеттігін тоқтатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынуымен оларға ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан Палаталардың депутаттарын айыру мәселелерін шешеді;
5) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша парламенттік тыңдаулар өткізеді;
6) Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Республика Үкіметі мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі есептерін тыңдауға хақылы. Есепті тыңдау қорытындылары бойынша Үкімет мүшесі Республика заңдарын орындамаған жағдайда Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен екі көпшілік даусымен оны қызметінен босату туралы Республика Президентіне өтініш жасауға хақылы. Мұндай жағдайда Республика Президенті Үкімет мүшесін қызметінен босатады;
7) Палаталардың үйлестіруші және жұмыс органдарын құрады;
8) өз қызметінің регламентін, Палатаның ұйымдастыру және ішкі тәртібіне байланысты мәселелер бойынша өзге де шешімдер қабылдайды.
Ескерту. 57-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.10.1998 N 284-І (жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi); 21.05.2007 N 254-ІІІ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
58-бап
1) Палаталардың отырыстарын шақырып, оларға төрағалық етеді;
2) Палаталардың қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуге жалпы басшылық жасайды;
3) Палаталар төрағаларының орынбасарлары қызметіне сайлау үшін Палаталарға кандидатуралар ұсынады;
4) Палаталар қызметінде регламенттің сақталуын қамтамасыз етеді;
5) Палаталардың үйлестіру органдарының қызметіне басшылық жасайды;
6) Палаталар шығаратын актілерге қол қояды;
7) Палаталарға Конституциялық Соттың судьялары, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері қызметіне тағайындау үшін кандидатуралар ұсынады;
8) өздеріне Парламент регламенті жүктейтін басқа да міндеттерді атқарады.
1) Парламент сессияларын ашады;
2) Палаталардың кезекті бірлескен отырыстарын шақырады, Палаталардың кезекті және кезектен тыс бірлескен отырыстарына төрағалық етеді.
Ескерту. 58-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.05.2007 N 254-ІІІ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
59-бап
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 30.06.1999 N 14/2; 14.07.1999 N 13/2 қаулыларын қараңыз.
Ескерту. 59-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.05.2007 N 254-ІІІ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
60-бап
61-бап
Ескертпе. 08.06.2022 ҚР Заңында 2-тармақты екінші бөлікпен толықтыру көзделген (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі):
Халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпті қорғауға, елдің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларға жедел ден қою мақсатында Республика Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілген заң жобалары Палаталардың бірлескен отырысында Парламенттің дереу қарауына жатады.
1) жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың міндеттері мен жауапкершілігіне;
2) меншік режиміне және өзге де мүліктік құқықтарға;
3) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметтің негіздеріне;
4) салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге;
5) республикалық бюджетке;
6) сот құрылысы мен сотта іс жүргізу мәселелеріне;
7) білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға;
8) кәсіпорындар мен олардың мүлкін жекешелендіруге;
9) айналадағы ортаны қорғауға;
10) республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысына;
11) мемлекет қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты негізгі принциптер мен нормаларды белгілейтін заңдар шығаруға хақылы.
Өзге қатынастардың барлығы заңға тәуелді актілермен реттеледі.
Ескертпе. 08.06.2022 ҚР Заңында 3-тармақты үшінші бөлікпен толықтыру көзделген (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі):
Осы баптың 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген заң жобалары Парламентке енгізілген жағдайда, Республика Үкіметі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мәселелер бойынша заң күші бар уақытша нормативтік құқықтық актілер қабылдауға өзінің жауапкершілігімен хақылы, олар Парламент қабылдаған заңдар күшіне енгенге дейін немесе Парламент заңдарды қабылдамағанға дейін қолданыста болады.
Ескертпе. 08.06.2022 ҚР Заңында 4-тармақты жаңа редакцияда жазу көзделген (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі):
4. Мәжіліс депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданған заң Сенатқа беріледі, ол онда алпыс күннен асырылмай қаралады.
Мәжіліс заң жобасын депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен тұтастай қабылдамауға хақылы. Бас тартылған заң жобасы қабылданбады деп есептеледі және бастамашыға қайтарылады.
Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен мақұлданған заң он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі. Егер Сенат заңды тұтастай немесе оның жекелеген баптарын мақұлдамаса, онда заң Мәжіліске қайтарылады. Бұл ретте Сенат Мәжіліске заңның жекелеген баптарының редакциясын ұсынуға құқылы.
Егер Сенат алпыс күннің ішінде тиісті шешім қабылдамаған жағдайда, заң Президенттің қол қоюына беріледі.
Ескертпе. 08.06.2022 ҚР Заңымен 5-тармақты жаңа редакцияда жазу көзделген (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі):
5. Егер Мәжіліс заңның жекелеген баптарының Сенат ұсынған редакциясына депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен келіссе, Мәжіліс заңды жаңа редакцияда қабылдаған және Сенат мақұлдаған болып есептеледі және он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі.
Егер Мәжіліс заңның жекелеген баптарының Сенат ұсынған редакциясына сол көпшілік дауыспен қарсылық білдірсе, сондай-ақ егер Сенат заңды тұтастай мақұлдамаған жағдайда, Палаталар арасындағы келіспеушіліктер келісу рәсімдері арқылы шешіледі.
Заңның келісу комиссиясы тұжырымдаған редакциясы осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен Мәжілістің және Сенаттың қарауына жатады.
Мәжіліс келісу комиссиясы ұсынған редакциядағы заңды Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылдамаған жағдайларда, Мәжіліс бұрын қабылданған редакциядағы заң бойынша қайтадан дауысқа салуды жүргізеді.
Егер қайтадан дауысқа салу кезінде Мәжіліс Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен бұрын қабылданған шешімді бекітсе, заң он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі.
Егер заң Мәжіліс депутаттарының көрсетілген көпшілік даусын алмаса, заң қабылданбады деп есептеледі және бастамашыға қайтарылады.
5-1. Мәжіліс депутаттары қараған және олардың жалпы санының кемінде үштен екісінің даусымен мақұлданған конституциялық заң жобасы Сенатқа беріледі, онда алпыс күннен асырылмай қаралады. Сенат депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісінің даусымен қабылданған жоба конституциялық заңға айналады және он күн ішінде Республика Президентіне қол қоюға ұсынылады. Конституциялық заң жобасын тұтастай қабылдамауды Мәжіліс немесе Сенат Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жүзеге асырады.
Сенат депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің даусымен конституциялық заң жобасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Мәжіліске жіберіледі. Егер Мәжіліс депутаттардың кемінде үштен екісінің даусымен Сенат енгізген өзгерістермен және толықтырулармен келіссе, конституциялық заң қабылданды деп есептеледі.
Егер Мәжіліс, Сенат енгізген өзгерістер мен толықтырулар бойынша дауыс беру кезінде олармен депутаттардың кемінде үштен екісінің даусымен келіспесе, онда палаталар арасындағы келіспеушіліктер келісу рәсімдері арқылы шешіледі.
Ескертпе. 08.06.2022 ҚР Заңымен 5-1-тармақты алып тастау көзделген (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 12.03.1999 N 3/2; 27.09.1999 N 18/2; 03.11.1999 N 19/2; 15.06.2000 N 9/2; 03.07.2000 N 15/2; 08.06.2001 N 8/2; 13.05.2003 N 6; 15.10.2008 N 8 қаулыларын қараңыз.
Ескерту. 61-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.05.2007 N 254-ІІІ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
62-бап
Ескертпе. 08.06.2022 ҚР Заңымен 5-тармақты жаңа редакцияда жазу көзделген (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі):
5. Егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен заңдарды Мәжіліс қабылдайды, Сенат мақұлдайды.
Егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Парламенттің және оның Палаталарының қаулылары Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
Ескертпе. 08.06.2022 ҚР Заңында 6-тармаққа толықтыру көзделген (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі):
6. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша, конституциялық заңдардың жобалары бойынша кемінде екі оқылым өткізу міндетті.
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 03.07.2000 N 15/2; 18.04.2007 N 4 қаулыларын қараңыз.
Ескерту. 62-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.05.2007 N 254-ІІІ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
63-бап
Ескерту. 63-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.05.2007 N 254-ІІІ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
V бөлім
ҮКIМЕТ
64-бап
Ескерту. 64-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.05.2007 N 254-ІІІ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
65-бап
66-бап
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабiлетiнiң, қауiпсiздiгiнiң, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады; Республика Президентiнің келісімімен мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді, сондай-ақ олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
2) Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;
3) Мәжіліске заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді;
4) мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;
5) Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді;
6) министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды;
7) Республиканың министрліктері, мемлекеттік комитеттері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің күшін толық немесе қолданылу бөлігінде жояды немесе тоқтата тұрады;
8) алып тасталды - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
9) алып тасталды - ҚР 07.10.1998 N 284-І (жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi) Заңымен;
9-1) Республика Президентiнің келісімімен мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қаржыландырудың және қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітеді;
10) өзіне Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен жүктелген өзге де қызметтерді орындайды.
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 17.03.1999 N 4/2; 12.04.2001 N 1/2 қаулыларын қараңыз.
Ескерту. 66-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.10.1998 N 284-І (жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi); 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
67-бап
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі:
1) Үкімет қызметін ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшін дербес жауап береді;
2) алып тасталды - ҚР 21.05.2007 N 254-ІІІ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
3) Үкімет қаулыларына қол қояды;
4) Үкімет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде және оның аса маңызды барлық шешімдері жөнінде Президентке және Парламентке баяндап отырады;
5) Үкімет қызметін ұйымдастыруға және басшылық жасауға байланысты басқа да қызметтерді атқарады.
Ескерту. 67-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.05.2007 N 254-ІІІ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
68-бап
Ескерту. 68-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.10.1998 N 284-І (жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi); 21.05.2007 N 254-ІІІ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
69-бап
70-бап
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 19.11.2003 N 11 қаулысын қараңыз.
Ескерту. 70-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.05.2007 N 254-ІІІ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
VI бөлім
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ
Ескерту. VI-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескертпе. 08.06.2022 ж. Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциясының Конституциялық Соттың қызметін айқындайтын ережелері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
71-бап
Бір адам Конституциялық Соттың судьясы болып қатарынан екі реттен артық тағайындала алмайды.
Республика Президенті Конституциялық Сот Төрағасының ұсынуымен Конституциялық Сот Төрағасының орынбасарын Конституциялық Сот судьяларының арасынан тағайындайды.
Ескертпе. 08.06.2022 ж. Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Конституциялық Сот қалыптастырылғанға дейін Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері өз өкілеттіктерін сақтайды.
Ескерту. 71-бап жаңа редакцияда – ҚР 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
72-бап
1) дау туған жағдайда Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің дұрыстығы және республикалық референдум өткізу туралы мәселені шешеді;
2) Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестігін Президент қол қойғанға дейін қарайды;
2-1) Парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылардың Республика Конституциясына сәйкестігін қарайды;
3) Республиканың халықаралық шарттарын бекіткенге дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды;
4) Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме береді;
5) Конституцияның 47-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген реттерде қорытындылар береді.
Ескертпе. 08.06.2022 ҚР Заңымен 1-тармаққа өзгеріс көзделген (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі):
1. Конституциялық Сот Қазақстан Республикасы Президентінің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бір бөлігінің, Премьер-Министрдің өтініші бойынша:
1) дау туған жағдайда Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің дұрыстығы және республикалық референдум өткізу туралы мәселені шешеді;
2) Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестігін Президент қол қойғанға дейін қарайды;
2-1) Парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылардың Республика Конституциясына сәйкестігін қарайды;
3) Республиканың халықаралық шарттарын бекіткенге дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды;
4) Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме береді;
5) Конституцияның 47-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген реттерде қорытындылар береді.
Ескертпе. 08.06.2022 ҚР Заңымен 2-тармаққа өзгеріс көзделген (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі):
2. Конституциялық Сот Конституцияның 44-бабының 10-1) тармақшасында көзделген жағдайларда – Республика Президентінің өтiнiштерiн, сондай-ақ Конституцияның 78-бабында белгiленген жағдайларда соттардың өтiнiштерiн қарайды.
Ескертпе. 08.06.2022 ҚР Заңында 72-бапты 3, 4 және 5-тармақтармен толықтыру көзделген (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі):
3. Конституциялық Сот азаматтардың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Республика Конституциясына сәйкестігін олардың өтініштері бойынша қарайды.
Азаматтардың Конституциялық Сотқа жүгіну тәртібі мен шарттары конституциялық заңда айқындалады.
4. Конституциялық Сот осы баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мәселелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Республика Конституциясына сәйкестігін Республика Бас Прокурорының өтініштері бойынша қарайды.
5. Конституциялық Сот Конституцияда бекітілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің Республика Конституциясына сәйкестігін Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өтініші бойынша қарайды.
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 03.07.2000 N 15/2; 13.12.2001 N 19/2 қаулыларын қараңыз.
Ескерту. 72-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.05.2007 N 254-ІІІ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
73-бап
Ескертпе. 08.06.2022 ҚР Заңымен 1-тармаққа өзгеріс көзделген (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі):
1. Конституциялық Сотқа Конституцияның 72-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша өтініш жасалған ретте, Президенттің қызметіне кірісуі, Парламенттің сайланған депутаттарын тіркеу не республикалық референдумның нәтижелерін шығару тоқтатыла тұрады.
Ескертпе. 08.06.2022 ҚР Заңымен 2-тармаққа өзгеріс көзделген (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі):
2. Конституциялық Сотқа Конституцияның 72-бабының 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша өтініш жасалған ретте, тиісті актілерге қол қою не оларды бекіту мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады.
Ескертпе. 08.06.2022 ҚР Заңымен 3-тармақты жаңа редакцияда жазу көзделген (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі):
3. Конституциялық Сот өз шешімін конституциялық заңда белгіленген мерзімдерде шығарады.
4. Алып тасталды - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 73-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
74-бап
Ескертпе. 08.06.2022 ҚР Заңымен 2-тармақты жаңа редакцияда жазу көзделген (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі):
2. Конституциялық Сот шешім қабылдаған күннен немесе ол белгілеген күннен бастап конституциялық емес деп танылған, оның ішінде адамның және азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған заңдар мен өзге де құқықтық актілердің, олардың жекелеген ережелерінің күші жойылады және қолданылуға жатпайды.
Ескертпе. 08.06.2022 ҚР Заңымен 3-тармаққа өзгеріс көзделген (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі):
3. Конституциялық Соттың шешімдері қабылданған күннен бастап күшіне енеді, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды.
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 13.12.2001 N 19/2 қаулысын қараңыз.
Ескерту. 74-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.05.2007 N 254-ІІІ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
VII бөлім
Соттар жəне сот төрелiгi. Прокуратура. Адам құқықтары жөніндегі уəкіл
Ескерту. VII-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
75-бап
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 15.02.2002 N 1; 14.04.2006 N 1 қаулыларын қараңыз.
Ескерту. 75-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.10.1998 N 284-І (жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi); 21.05.2007 N 254-ІІІ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
76-бап
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 29.03.1999 N 7/2; 20.12.2000 N 21/2; 18.04.2007 N 4 қаулыларын қараңыз.
77-бап
1) адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;
2) бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;
3) өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды;
4) сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы;
5) жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады;
6) айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;
7) ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес;
8) адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады;
9) заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес;
10) қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 10.03.1999 N 2/2; 18.04.2007 N 4 қаулыларын қараңыз.
78-бап
Соттардың Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға хақысы жоқ. Егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті.
Ескертпе. 08.06.2022 ҚР Заңымен 78-бапқа өзгеріс көзделген (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі):
Соттардың Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға хақысы жоқ. Егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Сотқа жүгінуге міндетті.
79-бап
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 06.03.1997 № 3; 30.01.2003 N 10; 18.06.2004 № 7; 23.06.2004 N 6 қаулыларын қараңыз.
Ескерту. 79-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
80-бап
Соттарды қаржыландыру, судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі және ол сот төрелігін толық әрі тәуелсіз жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
81-бап
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық, қылмыстық істер, жергілікті және басқа да соттардың соттылығына жататын өзге де істер бойынша жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген жағдайларда өзінің соттылығына жататын сот істерін қарайды және сот практикасының мәселелерi бойынша түсiнiктемелер беріп отырады.
Ескерту. 81-бап жаңа редакцияда- ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
82-бап
Ескерту. 82-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.05.2007 N 254-ІІІ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
83-бап
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 26.12.2000 N 23/2; 30.01.2003 N 10; 31.12.2003 N 13 қаулыларын қараңыз.
Ескерту. 83-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
83-1-бап
Ескерту. Конституция 83-1-баппен толықтырылды – ҚР 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
84-бап
Ескерту. 84-бап алып тасталды - ҚР 21.05.2007 N 254-ІІІ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
VIII бөлім
ЖЕРГIЛIКТI МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ ЖӘНЕ ӨЗIН-ӨЗI БАСҚАРУ
85-бап
Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады.
86-бап
1) аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту;
2) өздерінің қарауына жатқызылған жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу;
3) заңмен мәслихат құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау;
4) мәслихаттың тұрақты комиссияларын және өзге де жұмыс органдарын құру, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, мәслихат жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;
5) Республика заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескерту. 86-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.05.2007 N 254-ІІІ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
87-бап
1) аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың атқарылуын қамтамасыз ету;
2) коммуналдық меншікті басқару;
3) жергілікті атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай Республика заңдарымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Республика Президенті дауыс беру жүргізілетін кемінде екі кандидатураны ұсынады. Дауыс беруге қатысқан мəслихат депутаттарының көп дауысын алған кандидат олардың келісімін алды деп есептеледі.
Өзге əкімшілік-аумақтық бірліктердің əкімдері заңда айқындалатын тəртіппен қызметке тағайындалады немесе сайланады, сондай-ақ қызметінен босатылады. Республика Президенті өзінің ұйғаруы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың əкімдерін қызметінен босатуға құқылы.
Ескерту. 87-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.10.1998 N 284-І (жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi); 21.05.2007 N 254-ІІІ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
88-бап
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 31.05.2000 N 3/2 қаулысын қараңыз.
Ескерту. 88-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
89-бап
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру заңға сәйкес берілуі мүмкін.
Ескерту. 89-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.05.2007 N 254-ІІІ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
IX бөлім
ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР
90-бап
91-бап
Ескертпе. 08.06.2022 ҚР Заңымен 3-тармаққа өзгеріс көзделген (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі):
3. Республика Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар, олардың осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетіні туралы Конституциялық Соттың қорытындысы болған жағдайда, республикалық референдумға немесе Республика Парламентінің қарауына шығарылады.
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 04.12.1998 N 13/2 қаулысын қараңыз.
Ескерту. 91-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.10.1998 N 284-І (жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi); 21.05.2007 N 254-ІІІ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
92-бап
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 15.06.2000 N 8/2 қаулысын қараңыз.
93-бап
Конституцияның 7-бабын жүзеге асыру мақсатында Үкімет, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, арнаулы заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының барлық азаматтары мемлекеттік тілді еркін әрі тегін меңгеруі үшін қажетті ұйымдастырушылық, материалдық және техникалық жағдайдың бәрін жасауға міндетті.
94-бап
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 19.08.2005 N 5 қаулысын қараңыз.
Ескерту. 94-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.10.1998 N 284-І (жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi) Заңымен.
94-1-бап
Конституцияның 41-бабы 1-тармағының Республика Президентінің өкілеттік мерзімін белгілейтін ережесі 2005 жылғы 4 желтоқсандағы сайлауда сайланған Республика Президентінің жеті жылдық өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты өткізілетін президенттік сайлау қорытындысы бойынша Республика Президенті болып сайланған адамға қолданылатын болады.
Ескерту. 94-1-баппен толықтырылды - ҚР 21.05.2007 N 254-ІІІ (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
95-бап
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 29.11.1999 N 24/2 қаулысын қараңыз.
Ескерту. 95-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.10.1998 N 284-І (жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi) Заңымен.
96-бап
Конституция күшіне енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті онда белгіленген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтарына, міндеттері мен жауапкершілігіне ие болады.
97-бап
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің бірінші құрамы былайша құрылады: Республика Президенті, Парламент Сенатының Төрағасы мен Парламент Мәжілісінің Төрағасы Конституциялық Кеңестің мүшелерінен бір бірден үш жыл мерзімге, ал Конституциялық Кеңестің мүшелерінен бір бірден алты жыл мерзімге тағайындайды, Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республика Президенті алты жыл мерзімге тағайындайды.
98-бап
99-бап
Конституциялық Сот құрылғанға дейін Конституцияның 72-бабының 1 жəне 2-тармақтарында көзделген Конституциялық Соттың функцияларын Конституциялық Кеңес жүзеге асырады.
Ескерту. Конституция 99-баппен толықтырылды – ҚР 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК