2022 жылдың І-жартыжылдық бойынша ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы қысқаша ақпарат

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 9 мемлекеттік аудит объектісінде 6 аудиторлық іс-шара жүргізді, оның ішінде 4 объект квазимемлекеттік сектордың субъектісі және 5 объекті мемлекеттік мекеме болып табылады.

Аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептерін жоюға бағытталған ұсынымдар, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісі қызметінің тиімділігін арттыру және жетілдіру шаралары жолданды.

Қаржылық бұзушылықтарды жою мақсатында мемлекеттік аудит объектілері республикалық бюджет кірісіне қаражатты өтеу бойынша және көрсету жолымен есепке алу шаралары қабылдады.

Одан басқа, мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымдық және заңды тұлғалары тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Дата публикации
12 июля 2022