2022 жылдың І-тоқсаны бойынша ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы қысқаша ақпарат

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит департаменті бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқаруына және пайдалануына тиімділік бойынша 3 аудит объектісінде 3 аудиторлық іс-шараны жүзеге асырды, оның ішінде 2 объект квазимемлекеттік сектордың субъектісі және 1 объекті мемлекеттік мекеме болып табылады.

Аудит нәтижелері жекелеген қаржылық, рәсімдік бұзушылықтардың және объектінің қызметінде кемшіліктердің барын көрсетті.

Қазіргі уақытта аудит материалдары іске асыру сатысында, аяқтағаннан кейін мемлекеттік аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептерін жоюға бағытталған ұсынымдар, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісі қызметінің тиімділігін арттыру және жетілдіру шаралары жолданатын болады.

Дата публикации
08 апреля 2022