Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп МЖӘ тетігі бойынша мектептер құрылысының жаңа моделін әзірледі.Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, МЖӘ тетігін пайдалана отырып, мектептер құрылысының жаңа үлгісін әзірледі.Жаңа үлгі жобаны 30% көлемінде жергілікті бюджет есебінен бірлесіп қаржыландыруды көздейді. Жоба құнының 70 пайызын қаржыландыру жеке инвестор есебінен жүзеге асырылады.
Жеке инвестор салған қаражат республикалық бюджет (жан басына қаржыландыру) және жергілікті бюджет (жалпы сипаттағы трансферттер) есебінен өтелетін болады.
Жалпы, жаңа модель екі опцияны қамтиды:
-бірінші опция (BOT): жекеше әріптес МЖӘ шартының мерзімі өткеннен кейін объектіні салады, пайдаланады, білім беру қызметтерін көрсетеді және мемлекеттік меншікке береді (қазіргі уақытта Нұр-сұлтан қаласында іске асырылуда);
– екінші опция (BTO): жекеше әріптес құрылыстан кейін мектепті мемлекеттік меншікке береді, оған сервистік қызметті жүзеге асыру (объектіні техникалық пайдалану), мемлекеттік әріптеске – МЖӘ шартының бүкіл қолданылу мерзімі ішінде білім беру қызметі бекітіледі.
МЖӘ тетігін таңдау бойынша түпкілікті шешім жергілікті атқарушы органдарда қалады.