ЭЫДҰ-ның «Ұлттық мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстандағы ұлттық емтихандарды күшейту» талдамалық брифінің қысқаша түйіндемесі

ЭЫДҰ сарапшылары анықтаған негізгі сын-қатерлер:

  • Қазақстанда ұлттық бағалау жүйесі жоқ. Әрбір ұлттық тестілеу/емтихан мақсаты әр түрлі НҚА-да белгіленген және әрқайсысы түрлі заңмен реттеледі.
  • ҰБТ-ға ашық сұрақтар енгізу қарама-қайшылық тудырады. Бұл жаңалық жауаптарды сенімді бағалауды тиісті қамтамасыз ету кезінде ғана мүмкін.
  • Қорытынды аттестациялау өткізу кезінде сыртқы бағалау жоқ. Осыған орай, оқушылар тестілеуді ұқсас жағдайларда тапсыратынына кепілдік жоқ.
  • ҰБТ тапсырмаларын құрастырудың жалпы тәсілі олардың үлкен мөлшерде құрастырылуына шоғырланады.
  • Тапсырмалар құрастыру ережелері олардың сапасын тиімді бақылауға мүмкіндік бермейді.
  • Қазақстанда мұғалімдер тапсырмалар құрастыру мәселелерімен шектеулі әрекеттесуге ие.
  • Бір элективті емтихан қорытынды аттестациялаудың толыққандылығын шектейді.
  • Емтихандарды басқару қазіргі таңда бірнеше органдар арасында бөлінген және барлық мүдделі тараптардың өкілі болып табылмайды.
  • Емтихандарға байланысты шешімдер олар орындауға тиіс мақсаттарға және олардың техникалық шектеулеріне байланысты қабылданбайды.

ЭЫДҰ сарапшылары ұсынатын негізгі ұсынымдар:

«Ұлттық емтихандардың мақсаттары мен қолдануын анықтау» бағыты бойынша: 

  1. Ұлттық емтихан және бағалаудың мақсаттарын анықтайтын ұлттық бағалау жүйесін дайындау.

«Ұлттық емтихандардың тұтастығын, сенімділігін және негізділігін қолдау және дамыту» бағыты бойынша:

  1. ҰБТ-ға ашық сұрақтарды біртіндеп енгізу.
  2. Құндылықты арттыру және қосымша қызметтердің орындалуы мақсатында оқушылардың қорытынды аттестациялау өткізу тәртібіне бақылау енгізу.

«Ұлттық емтиханның тәрбиелік мәнін күшейту» бағыты бойынша:

  1. ҰБТ-ға аз, бірақ сапасы жоғары сұрақтар әзірлеу мақсатын қою.
  2. Ашық тапсырмаларды бағалау секілді заманауи бағалау принциптерін өз тәжірибесіне енгізуге көмектесу үшін ұлттық тестілеу іс-шараларына мұғалімдерді белсендірек тарту.
  3. Қорытынды бағалаудың өзектілігі мен құндылығын күшейту.

«Ұлттық емтихандарды басқаруды бекіту» бағыты бойынша:

  1. Ұлттық емтихандарды әзірлеуге бағыт-бағдар беру үшін тұрақты басқаруды орнату.
  2. ҰТО-ның ұлттық емтихандар мен бағалау бойынша шешімдер қабылдауға үлесін қосу мақсатында орталықтың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту.
  3. Техникалық сынақ есептерін әзірлеу және оларды сынақтарды әзірлеу және жобалау процедуралары бойынша болашақ шешімдерді қабылдау үшін пайдалану.
  4. Ұлттық емтихандардың тиімділігіне әсер ететін ауқымды факторларды ескеретін біріктірілген стратегияны әзірлеуді бастау.
Дата публикации
01 апреля 2022