Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларында:
15 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Мемлекеттік білім беру ұйымдары мен мемлекеттік медициналық ұйымдарға жұмысқа бірінші кезекте бөлінуге:
1) жұбайы (зайыбы) бос жұмыс орнын ұсынған елді мекенде тұратын, жұмыс істейтін немесе қызмет өткеретін адамдардың;
2) ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедектігі бар адам болып табылатын, сондай-ақ бос орынды ұсынған елді мекенде тұрақты тұратын, қорғаншы және қамқоршы болып табылатын адамдардың құқығы бар.»;
34-35 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Заңның 47-бабының 17-тармағында көзделген жұмыспен өтеу жөніндегі міндеттен босату бөлу жөніндегі комиссияның хаттамалық шешімімен мынадай санаттарға:
1) жұбайы (зайыбы) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызмет өткеретін елді мекенде бос жұмыс орындары болмаған жағдайда;
2) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
3) мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде резидентураға, магистратураға, докторантураға одан әрі оқуға түскен адамдарға;
4) жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар, сондай-ақ оларды өздері тәрбиелеп отырған адамдарға беріледі.
1) жұмыспен өтеу жөніндегі міндеттерді орындауға байланысты;
2) тиісті құжаттармен расталатын білім алушының (жас маманның) қайтыс болуына байланысты;
3) жұмыспен өтеу мерзімі ішінде бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар болып белгіленген жағдайда;
4) Заңда және осы Қағидалардың 34-тармағында көзделген жағдайларда жұмыспен өтеу жөніндегі міндеттен босатылуына байланысты басталады.».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Смайылов