«Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 351 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 351 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21102 болып тіркелген)  мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және бастауыш білім беруді, негізгі орта білім беруді, жалпы орта білім беруді, техникалық және кәсіптік білім беруді біліктіктер бойынша, орта білімнен кейінгі білім беруді біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтар топтары бойынша, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді кадрлар даярлау және оқыту нысандары, діни білім беру бағыттары бойынша ұсынатын заңды тұлғалардың білім беру қызметімен айналысуына лицензияны тәртібін белгілейді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы)»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті (бұдан әрі – Комитет) кадрлар даярлау және оқыту нысандары, діни білім беру бағыттары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып табылады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – Департаменттер) бастауыш білім беру, негізгі орта білім беру, жалпы орта білім беру, біліктілік бойынша техникалық және кәсіптік білім беру, мамандықтар топтары бойынша әскери, арнайы оқу орындары, біліктілік бойынша орта білімнен кейінгі білім беру, арнайы оқу орындары үшін білім беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар болып табылады»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда лицензияны және/немесе оған қосымшаны беру, лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу кезінде заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде:

1) Комитетте:

жауапты қызметкер 22 жұмыс күні ішінде құжаттардың білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекітілген оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11716 болып тіркелген) (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сәйкестігін тексереді, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушыға бару мүмкіндігімен сараптама қорытындысын қалыптастырады және оны білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) қарауына ұсынады. Комиссия туралы ереже мен құрамы Комитет төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

Комиссия сараптама қорытындысын қарап, екі жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды.

Комиссияның шешімі негізінде жауапты қызметкері екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына келісуге және тексеруге жіберілетін электрондық шешімді – лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қалыптастырады, ол көрсетілетін қызметті берушінің басшысына келісуге және тексеруге жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шешімді тексереді және бір жұмыс күні ішінде ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негізі анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруі үшін тыңдаудың уақыты мен орны (әдісі) туралы хабарлайды.

Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

Хабарлама (хабархат) тапсырыс хаттың табыс етілгендігі туралы хабарламамен тапсырыс хатпен, телефонограммамен немесе телеграммамен, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша мәтіндік хабармен немесе электрондық мекенжай бойынша не хабархаттың немесе шақырудың тіркеліп-бекітілуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланылып жіберіледі.

Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі.

 Көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешіміне қарсылығын ұсынады немесе айтады

Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және/немесе оған қосымшаны беру, лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

2) Департаменттерде:

жауапты қызметкер құжаттарды тіркеген сәттен бастап 22 жұмыс күні ішінде құжаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігін, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушыға бару мүмкіндігімен тексереді, сараптама қорытындысын қалыптастырады және оны комиссияның қарауына ұсынады. Комиссия туралы ереже мен құрамы Департамент директорының бұйрығымен бекітіледі.

Комиссия сараптама қорытындысын қарап, екі жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды.

Комиссияның шешімі негізінде жауапты қызметкері екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына келісуге және тексеруге жіберілетін электрондық шешімді – лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қалыптастырады, ол көрсетілетін қызметті берушінің басшысына келісуге және тексеруге жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шешімді тексереді және бір жұмыс күні ішінде ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негізі анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруі үшін тыңдаудың уақыты мен орны (әдісі) туралы хабарлайды.

Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

Хабарлама (хабархат) тапсырыс хаттың табыс етілгендігі туралы хабарламамен тапсырыс хатпен, телефонограммамен немесе телеграммамен, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша мәтіндік хабармен немесе электрондық мекенжай бойынша не хабархаттың немесе шақырудың тіркеліп-бекітілуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланылып жіберіледі.

Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі.

 Көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешіміне қарсылығын ұсынады немесе айтады

Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және/немесе оған қосымшаны беру, лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.»;

8-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

«8) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 57-бабы 3-1-тармағының төртінші бөлігінде белгіленген.»;

10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

 «10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңға сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелері бойынша қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.»;

Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым

              Министрі                                                             А. Аймағамбетов

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар

және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

2022 жылғы «___» _____

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2022 жылғы __________

№ ______ бұйрығына қосымша

 

 

«Білім беру қызметімен
айналысуға лицензия беру»
мемлекеттік қызметін

көрсету қағидаларына
1-қосымша

 

 

«Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету стандарты

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру»

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:

1. Лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаларды беру;

2. Лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу;

3. Қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті - лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаларды беру;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті - лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті - қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері - лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаларды беру;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері- лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері - қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу.

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

Лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаларды беру – «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы;

Лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу - «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы;

Қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу - «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

лицензияны және/немесе оған қосымшаны беру – 30 жұмыс күнінен кешіктірмей;

лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу – үш жұмыс күнінен кешіктірмей;

заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару, бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу – 30 жұмыс күнінен кешіктірмей.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 57-бабы 3-1-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу - 20 жұмыс күнінен кешіктірмей.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған):

лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаларды беру;

лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу;

қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – лицензияны  және/немесе лицензияға қосымшаны беру, лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу не осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде және тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабына сәйкес бюджетке жекелеген қызмет түрімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленеді:

1) лицензияны беру кезінде төленетін лицензиялық алым 10 (Он) айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;

2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде лицензиялық алым – төлеу күніне белгіленген 1 (бір) АЕК.

Лицензиялық алым төлеу қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар немесе «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

Лицензияға қосымшаны, берілген лицензияда және/немесе лицензияға қосымшада қателер табылған және тиісті түзетулер енгізілген жағдайларда лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны берген кезде мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін ақы алынбайды..

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі

 

1) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);

 2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің: www.edu.gov.kz, control.edu.gov.kz; порталдың: www.egov.kz, www.elicense.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

 

«электрондық үкімет» порталына:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті:

1) Лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаларды беру:

көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

осы стандарттың 6-тармағында көзделген жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын мәліметтер;

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын көрсетілетін қызметті алушылар өздері үшін жаңа кадрларды даярлау бағыты бойынша лицензияға қосымшаны алған кезде порталда құжаттарды беру Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетін көрсете отырып, сұратылатын әр мамандық бойынша жеке жүргізіледі;

Іске асырылатын білім беру оқу бағдарламаларына байланысты қосымша мынадай құжаттар ұсынылады:

діни білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:

осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;

білім беру ұйымының басшысы бекіткен білім беру бағдарламаларының электрондық көшірмелері;

діни қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның оқу әдебиеті қорына дінтану сараптамасының оң қорытындысының электрондық көшірмесі;

ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

мәлімделген діни білім беру бағдарламаларына діни қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның қорытынды хатының электрондық көшірмесі;

жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:

осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 11-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;

 № 604 бұйрықпен және (немесе) № 647 бұйрықпен бекітілген жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламасының қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмелері;

ғимаратты (оқу корпустарын) және клиникаларды шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының электрондық көшірмесі, өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті тексеру нәтижелері туралы актінің көшірмесі;

шетелдік жетекші медициналық білім беру ұйымдарымен стратегиялық әріптестік туралы шарттардың электрондық көшірмелері («Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» кадрларын даярлау үшін) (Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды);
кадрларды даярлаудың сұратылып отырған бағытына сәйкес практика базалары ретінде айқындалған ұйымдармен практикадан өтуге және стратегиялық әріптестік туралы шарттардың электрондық көшірмелері (Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды);

ғимараттарға (оқу корпусына) және клиникаға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының электрондық көшірмесі, өрт қауіпсіздігі саласында сәйкестікті тексеру нәтижелері туралы актінің электронық көшірмесі;

жұмысқа орналастырылған түлектердің жұмыс орнынан растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (лицензияны және (немесе) қосымшаны алу кезінде білім беру ұйымдарына қолданылмайды);

басқа тілден аударылған мәтінді пайдалануды қоса алғанда, бөтен материалдың бар-жоғын және мағынаны (парафраз) өзгертпей сөздер мен сөйлемдерді синониммен ауыстыра отырып мәтіннің пайдаланылғанын тексеруге арналған компьютерлік бағдарламаның болуын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды);

«магистр» дәрежесін бере отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметі үшін:

осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 1, 3, 4, 5, 6, 10, 11-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;

  № 604 бұйрықпен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген қазақ және орыс тілдеріндегі білім беру бағдарламасының электрондық көшірмелері (мәлімделген жағдайлар бойынша уәкілетті орган бекіткен эксперимент режимінде іске асырылатын бағдарламаларға қолданылмайды);

білім беру ұйымдарымен немесе ғылыми немесе ғылыми-білім беру немесе ғылыми-өндірістік орталықтармен кадрларды даярлаудың және шетелдік консультанттарды тартудың тиісті бағыты бойынша әріптес ЖОО мәртебесі бойынша нормаларды қарастыратын ынтымақтастық туралы келісімдердің электрондық көшірмелері;

ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

санитариялық-эпидемиологиялық тексеру қорытындының электрондық көшірмесі;

өрт қауіпсіздігі саласында сәйкестікке тексеру нәтижелері туралы актінің электрондық көшірмесі;

Техникалық ерекшелік пен Күнтізбелік жұмыс жоспары қоса берілген ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге ұйымдармен және кәсіпорындармен жасалған шарттардың электрондық көшірмелері (Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотына, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды);

практика базалары ретінде, оның ішінде ғылыми тағылымдамадан өту үшін айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың электрондық көшірмелері;

басқа тілден аударылған мәтінді пайдалануды қоса алғанда, кірме материалдың бар-жоғын және мағынаны (парафраз) өзгертпей сөздер мен сөйлемдерді синониммен ауыстыра отырып мәтіннің пайдаланылғанын тексеруге арналған компьютерлік бағдарламаның болуын растайтын құжаттың көшірмесі;

жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын (резидентура) білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметі үшін:

осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 3, 5, 6, 10, 11-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;

 № 647 бұйрықпен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша клиникалық мамандықтар бойынша білім беру бағдарламасының, оқу жоспарының электрондық көшірмелері;

ғимараттарға және клиникаларға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

практика базалары ретінде айқындалған толық оқу кезеңін қамтитын ұйымдармен жасалған және стратегиялық әріптестік туралы шарттардың электрондық көшірмелері;

философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының қызметі үшін:

осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 1, 3, 4, 5, 6, 10, 11-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;

№ 604 бұйрықпен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі білім беру бағдарламасының, оқу жоспарының электрондық көшірмелері;

ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:

осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 1, 3, 4, 5, 6, 10, 11-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;

 № 604 бұйрықпен және (немесе) № 647 бұйрықпен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес оқудың толық кезеңіне әзірленген кадрларды даярлаудың сұратылып отырған бағытына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген қазақ және орыс тілдеріндегі білім беру бағдарламасының электрондық көшірмелері (мәлімделген шарттар бойынша уәкілетті орган бекіткен эксперимент режимінде іске асырылатын бағдарламаларға қолданылмайды);

ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;

Техникалық ерекшелік пен Күнтізбелік жұмыс жоспары қоса берілген ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге ұйымдармен және кәсіпорындармен жасалған шарттардың электрондық көшірмелері;

кадрларды даярлаудың тиісті бағыты, шетелдік консультанттарды тарту және бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру бойынша әріптес ЖОО мәртебесі бойынша нормаларды көздейтін аккредиттелген шетелдік жоғары оқу орындарымен ғылыми алмасу туралы шарттардың электрондық көшірмелері;

сұратылып отырған кадрларды даярлау бағытына сәйкес шетелдік жоғары оқу орнының бағдарламаларын аккредиттеу туралы куәліктің электрондық көшірмелері;

сұратылып отырған кадрларды даярлау бағытына сәйкес практика базалары ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың және шетелдік тағылымдамадан өтуге арналған шарттардың электрондық көшірмелері;

зертханалардың аккредиттеу туралы куәліктерінің электрондық көшірмелері немесе осындай зертханалармен жасалған шарттардың электрондық көшірмелері;

басқа тілден аударылған мәтінді пайдалануды қоса алғанда, кірме материалдың бар-жоғын және мағынаны (парафраз) өзгертпей сөздер мен сөйлемдерді синониммен ауыстыра отырып мәтіннің пайдаланылғанын тексеруге арналған компьютерлік бағдарламаның болуын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

2) Лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

«электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеуді қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын мәліметтер;

алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмелері;

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 57-бабы 3-1-тармағының төртінші бөлігінде көзделген тәртіпте  лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәліметтер нысаны мен құжаттардың электрондық көшірмелері қосымша ұсынылады;

3) Қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу:

заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару немесе болу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәліметтер нысаны мен құжаттардың электрондық көшірмелері қосымша ұсынылады;

Көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы, медициналық қызметпен айналысуға лицензия туралы мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі құжаттардың мәліметтерін тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарына өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты қолдану үшін көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері:

4) Лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаларды беру:

көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

осы стандарттың 6-тармағында көзделген жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын мәліметтер;

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын көрсетілетін қызметті алушылар өздері үшін жаңа біліктіліктер бойынша лицензияға қосымшаны алған кезде порталда құжаттарды беру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттерін көрсете отырып, әрбір сұратылған біліктілік бойынша порталда жеке жүргізіледі;

Іске асырылатын білім беру оқу бағдарламаларына байланысты қосымша мынадай құжаттар ұсынылады:

бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:

осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 1, 3, 4, 5, 6-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;

«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 604 бұйрық) бекітілген бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген білім беру ұйымының басшысы бекіткен оқу жұмыс жоспарларының электрондық көшірмелері;

білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуге денсаулық сақтау ұйымымен жасалған шарттың электрондық көшірмесі (бар болған жағдайда);

білім алушыларды тамақтандырумен қамтамасыз ету шартының элнетрондық көшірмесі (бар болған жағдайда);

ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжаттардың немесе ғимаратты жалдау шартының электрондық көшірмелері, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының/актінің электрондық көшірмесі, өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті тексеру нәтижелері туралы актінің электронық көшірмелері;

негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:

осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 1, 3, 4, 5, 6-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;

 № 604 бұйрықпен бекітілген негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген білім беру ұйымының басшысы бекіткен оқу жұмыс жоспарларының электрондық көшірмелері;

білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуге денсаулық сақтау ұйымымен жасалған шарттың электрондық көшірмесі (бар болған жағдайда) (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды);

білім алушыларды тамақтандырумен қамтамасыз ету шартының электрондық көшірмесі (бар болған жағдайда) (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды);

ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжаттардың немесе ғимаратты жалдау шартының электрондық көшірмелері, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының/актінің электрондық көшірмесі, өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті тексеру нәтижелері туралы актінің электрондық көшірмесі;

жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:

осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 1, 3, 4, 5, 6-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;

 № 604 бұйрықпен бекітілген жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген білім беру ұйымының басшысы бекіткен оқу жұмыс жоспарларының электрондық көшірмелері;

білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуге денсаулық сақтау ұйымымен жасалған шарттың электрондық көшірмесі (бар болған жағдайда) (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды);

білім алушыларды тамақтандырумен қамтамасыз ету шартының электрондық көшірмесі (бар болған жағдайда) (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды);

ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжаттардың немесе ғимаратты жалдау шартының электрондық көшірмелері, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының/актінің электрондық көшірмесі, өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті тексеру нәтижелері туралы актінің электрондық көшірмесі;

техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:

осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 10-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;

№ 604 бұйрықпен және (немесе) «Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарттар мен үлгілік кәсіптік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілдедегі № 647 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12007 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 647 бұйрық) бекітілген техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 595 бұйрық) бекітілген үлгілік оқу жоспарына (бар болса), салалық біліктілік шеңберіне, кәсіптік стандартқа (бар болса), білім беру ұйымының жұмыс берушілермен келісілген тиісті мамандықтың «Педагог» кәсіби стандартына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген қазақ және орыс тілдерінде дайындалатын мамандықтар бойынша оқу жұмыс жоспарының электрондық көшірмелері (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарында адамдарды оқыту үшін және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдарды оқыту үшін қолданылмайды);

толық оқу кезеңіне әзірленген қазақ және орыс тілдеріндегі мамандық бойынша білім беру бағдарламасының электрондық көшірмесі және діни қызмет саласындағы уәкілетті органның қорытынды хатының электрондық көшірмесі (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарында адамдарды оқыту үшін және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдарды оқыту үшін қолданылмайды);

жұмысқа орналасқан түлектердің жұмыс орнынан растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;

діни қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның оқу әдебиеті қорының дінтану сараптамасының оң қорытындысының электрондық көшірмесі (рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін);

ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының/актінің электрондық көшірмесі, өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті тексеру нәтижелері туралы актінің электрондық көшірмесі (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды);

жатақхананың және/немесе хостелдің және/немесе қонақүйдің болуын растайтын толық оқу кезеңіне жеке не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі студенттерді орналастыруға арналған құжаттардың электрондық көшірмелері;

жоғары оқу орындарымен бұйрықтардың және меморандумдардың электрондық көшірмелері (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары үшін);

кәсіптік практикадан өтудің толық кезеңін қамтитын даярланатын мамандық біліктілігіне сәйкес практика базасы ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың электрондық көшірмелері (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды);

жұмысқа орналасқан түлектердің жұмыс орнынан растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:

осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;

№ 604 бұйрықпен және (немесе) № 647 бұйрықпен бекітілген техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, № 595 бұйрықпен бекітілген үлгілік оқу жоспарына (бар болған жағдайда), салалық біліктілік шеңберіне, кәсіптік стандартқа (бар болған жағдайда), білім беру ұйымының жұмыс берушілермен келісілген, «Педагог» кәсіби стандартына сәйкес оқудың толық кезеңіне әзірленген, даярланатын мамандық біліктілігі бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі оқу жұмыс жоспарының электрондық көшірмелері (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналастырылған білім беру ұйымдарында адамдарды оқыту үшін және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдарды оқыту үшін бағдарламаларға қолданылмайды);

толық оқу кезеңіне әзірленген мамандық бойынша қазақ және орыс тілдерінде білім беру бағдарламасының электрондық көшірмелері және діни қызмет саласындағы уәкілетті органның қорытынды хатының электрондық көшірмесі (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанынан орналасқан білім беру ұйымдарында адамдарды оқыту үшін және ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды оқыту үшін қолданылмайды);

жұмысқа орналасқан түлектердің жұмыс орнынан растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

діни қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның оқу әдебиеті қорының дінтану сараптамасының оң қорытындысының электрондық көшірмесі;

ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының/актінің электрондық көшірмесі, өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті тексеру нәтижелері туралы актінің электрондық көшірмесі (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды);

жатақхананың және/немесе хостелдің және/немесе қонақүйдің болуын растайтын толық оқу кезеңіне жеке немесе шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі студенттерді орналастыруға арналған құжаттардың электрондық көшірмелері;

кәсіптік практикадан өтудің толық кезеңін қамтитын даярланатын мамандық біліктілігіне сәйкес практика базасы ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың электрондық көшірмелері (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды);

жұмысқа орналастырылған түлектердің жұмыс орнынан растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алған кезде білім беру ұйымдарына қолданылмайды);

5) Лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

«электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеуді қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын мәліметтер;

алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмелері;

6) Қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу:

заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару немесе болу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мәліметтер нысаны мен құжаттардың электрондық көшірмелері қосымша ұсынылады;

Көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы, медициналық қызметпен айналысуға лицензия туралы мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі құжаттардың мәліметтерін тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарына өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты қолдану үшін көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) Қазақстан Республикасы-ның заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы;

3) лицензиялық алымың енгізілмеуі;

4) өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;

5) лицензиардың тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алуы;

6) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы сондай-ақ лицензиардың білім беру қызметімен айналысуға лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтата тұру туралы шешімінің болуы;

7) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салуы;

8) Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер белгіленуі мүмкін.

10

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефоны: 8 (7172) 74-24-30. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу тәртібінде көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметі, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефоны арқылы алуға мүмкіндігі бар.

 

 

Дата публикации
27 июня 2022