Қазақстан Республикасы Президентінің «Қасіретті қаңтар» сабағы: қоғам тұтастығы – тәуелсіздік кепілі» атты Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 2022 жылғы 11 қаңтардағы отырысында берген тапсырмасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге
үздік педагогтерді тиісті қолдау шараларының пакетімен тарту қағидалары (Арнаулы бағдарлама) (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
- Алматы, Атырау, Маңғыстау, Түркістан облыстарының әкімдері, «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы:
- Қағидаларды іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын;
- Қағидалардың іске асырылу барысы туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне жартыжылдықта бір рет ақпарат ұсынып тұрсын.
- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын, ағымдағы жылғы
25 желтоқсанға дейін Қағидалардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынып тұрсын.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов