«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылға арналған Операциялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аппарат басшысының 2022 жылғы 18 ақпандағы № 53 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылға арналған Операциялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аппарат басшысының 2022 жылғы 18 ақпандағы № 53 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылға арналған Операциялық жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті осы бұйрықты қол қойылғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аппарат басшысы                                          

        Қ. Сәрсембаев

 

Дата публикации
16 июня 2022