Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы

«Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығының 10-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Мыналардың:
  • «Робот техникасы және киберспорт жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамын және ережесін бекіту туралы»
    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 109 бұйрығының;
  • «Робот техникасы және киберспорт жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамын және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 109 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
    Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі 2018 жылғы 31 қазандағы № 607 бұйрығының;
  • «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы Студенттер мәселелері жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы  № 559 бұйрығының күші жойылсын.
  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрлеріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

     Министр                                                                          А. Аймағамбетов

 

Дата публикации
08 июня 2022