Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы

 «Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 413 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 81-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілсін.
  2. Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар және өзге ұйымдар (келісу бойынша):
  • Тұжырымдаманы іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;
  • Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының (бұдан әрі – Жоспар) уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
  • есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 сәуірінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынып тұрсын.
  1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей мемлекеттік және стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға Тұжырымдаманың іске асырылуы туралы есепті ұсынып тұрсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне жүктелсін.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

   

 

         Қазақстан Республикасының

                  Премьер-Министрі                                                            Ә. Смайылов

 

Дата публикации
08 июня 2022