«Білім беру саласындағы лицензиарларды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қарашадағы № 934 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Білім беру саласындағы лицензиарларды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қарашадағы № 934 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті кадрларды даярлау бағыттары және оқу нысандары бойынша жоғары білім, кадрларды даярлау бағыттары және оқу нысандары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім, діни білім беру үшін бiлiм беру саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беруді жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;»;

көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы
                Премьер-Министрі
                                                               Ә. Смайылов

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы ___ шілдедегі
№  қаулысына
қосымша

 

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 21 қарашадағы
№ 934 қаулысына
қосымша

 

 

Өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының  талаптарына сәйкестігі бөлігінде білім беру қызметімен айналысуға  лицензия

беруді келісетін мемлекеттік органдар

 

Р/с №

Мемлекеттік орган

Лицензияланатын қызмет түрі

Лицензияланатын кіші қызмет түрі

Лицензиар

1

2

3

4

5

1

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

Білім беру қызметі

Кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары білім беру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті

Кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

Діни білім беру

2

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері

Білім беру қызметі

Бастауыш білім беру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық білім  саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері

Негізгі орта білім беру

Жалпы орта білім беру

Біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша  техникалық және кәсіптік білім беру

Біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру

 

Дата публикации
06 июня 2022