«Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген білім және ғылым саласындағы нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерді есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 ақпандағы № 63 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
65-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 93 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ұлттық даму жоспарын, елдің аумақтық даму жоспарын, саланы/аяны дамыту тұжырымдамасын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, мониторингтеу, іске асыру, бағалау және бақылау әдістемесінің 59-тармағына сәйкес,
БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген білім және ғылым саласындағы нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерді есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 ақпандағы № 63 бұйрығына келесідей өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы келесідей редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторларын есептеу әдістемесін бекіту туралы»;

1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторларын есептеу Әдістемесі бекітілсін.»;

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген білім және ғылым саласындағы нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерді есептеу әдістемесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
  3. Осы бұйрық қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрі

 

А. Аймағамбетов

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

__________________________

2022 жылғы «___» ________

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы

__________________________

2022 жылғы «___» ________

 

 

 

Дата публикации
19 апреля 2022