Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, 010000 Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8, 11-кіре-беріс, «Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты» ММ директоры бос лауазымдық орнына конкурс жариялайды. Мекеменің орналасқан мекен-жайы: Алматы қаласы, Митин көшесі, 6.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, 010000 Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8, 11-кіре-беріс, «Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты» ММ директоры бос лауазымдық орнына конкурс жариялайды. Мекеменің орналасқан мекен-жайы: Алматы қаласы, Митин көшесі, 6.

Қызметінің мәні: инновациялық кіріктірілген білім беру моделін жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекемеде қолайлы жағдайлар жасау, қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқыту арқылы сөз өнеріне бейім дарынды оқушылардың әлеуетті мүмкіншіліктерін неғұрлым толық дамыту үшін мамандандырылған жалпы білім беретін элиталық білім беруге қол жеткізу болып табылады.

Кандидатқа қойылатын талаптар:   жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде соңғы 2 жыл үздіксіз педагогикалық өтілі, облыстық немесе республикалық немесе халықаралық олимпиадалардың, орындаушылар конкурстары мен спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын дайындаған жалпы білім беретін мектепте, гимназияда, лицейде басшының орынбасары немесе басшы лауазымындағы өтілі кемінде екі жыл, жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы;

немесе білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Қызметтік міндеттері: білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын іске асыруды ұйымдастырады, оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді және т.б.

Лауазымдық жалақы көлемі: еңбек өтіліне қарай 218 770 тенгеден басталады.

1) қоса тіркелген нысан бойынша өтініш;

2) жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;

4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) біліктілік тестілеу сертификаты;

10) Блім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;

11) түйіндеме.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады, 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.

Көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны туралы мәлімет Министрлік сайтында жарияланады.

Конкурстық комиссияның отырысында тәуелсіз сарапшылар мен байқаушылар белгіленген тәртіппен қатысады.

Өтініш пен жоғарыдағы аталған құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап  7 (жеті) жұмыс күні ішінде ҚР Білім және ғылым министрлігінде қабылданатын болады, телефон: 8(7172)74-20-71



 

 

 

 

 

 

 

 

 

____________________________________________________________________

    кандидаттың Т.Ә.А. (болған жағдайда), ЖСН

____________________________________________________________________

     (лауазымы, жұмыс орны)

____________________________________________________________________

      Нақты тұратын жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефондары.

 

 

Өтініш

      Мені _________________________________ бос лауазымына/уақытша

      (білім беру ұйымының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала/ауыл)

      бос лауазымына (керегінің астын сызу керек) орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      Қазіргі уақытта _________________________________ жұмыс жасаймын.

      (лауазымы, білім беру ұйымының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала/ауыл)

      Тестілеуді тапсыру тілі: қазақ/орыс

      керегінің астын сызу керек

      Конкурс қағидаларымен таныстым:

      Білімі: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, техникалық және кәсіптік білім

Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Диплом бойынша мамандық

   

 

Жүктеу

      Біліктілік санатының бар болуы (бар болса берілген (расталған) күні):

      ____________________________________________________________________

      Жұмыс өтілі:

Жалпы

Педагогикалық

Мемлекеттік қызмет өтілі

Мамандық бойынша (кәсіпкерлік субъектілерінің мамандары үшін)

Осы білім беру ұйымында, оның ішінде атқаратын лауазымында

       

 

Жүктеу

      Келесі жұмыс нәтижелерін негізге аламын: ____ _

      Наградалары, атағы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса)__________________________________

      Мен дербес деректерді өңдеу мақсаттарына сәйкес келетін кез келген заңды тәсілдермен менің дербес деректерімді мерзімсіз өңдеуге (фото, бейне және бейне көрсетілімдерді, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе осындай құралдарды пайдаланбай дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде пайдалану үшін) келісемін.

      Тестілеу өтетін ғимаратта тыйым салынған заттардың бірін пайдаланғаны үшін жауапкершілік туралы, тиісті акт жасалып, шығарылатыны туралы ескертілді.

      Тыйым салынған зат табылған жағдайда бір жыл мерзімге тестілеуден өту құқығынан айырылатыным туралы ескертілді.

      Ұлттық біліктілік тестілеуін өткізу кезінде, сондай-ақ бейне жазбаны қарау кезінде қағидаларды бұзу фактілері анықталған жағдайда, тапсыру мерзіміне қарамастан акт жасалатыны және нәтижелердің күші жойылатыны ескертілді.

      Тыйым салынған заттар:

      - ұялы байланыс құралдары (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), iPhone (Айфон), SmartPhone (Смартфон), Смартсағаттар);

      - ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер);

      - радио-электрондық байланыстың кез келген түрлері (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи); 5G (5 Джи);

      - сымды және сымсыз құлаққаптар және басқалары;

      - шпаргалкалар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер;

      - калькуляторлар мен түзету сұйықтығы.

      Келісемін ________________________________________________

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда)) (қолы)

      Тестілеуді және конкурс өткізу қағидаларымен таныстым.

      20___жылғы "____" ______________ ____________________

      /қолы /

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, 010000 Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8, 11-кіре-беріс, «Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты» ММ директоры бос лауазымдық орнына конкурс жариялайды. Мекеменің орналасқан мекен-жайы: Алматы қаласы, Митин көшесі, 6.
Дата публикации
18 апреля 2022