Білім және ғылым, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу мерзімін ұзарту туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелерінің позициясына кандидатуралар ұсыну бойынша белсенділіктің төмен болуына байланысты қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау туралы конкурс өткізу мерзімі 2022 жылғы 20 сәуірге дейін ұзартылады.

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес, конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері белгіленген мерзімде мынадай құжаттарды тапсырады:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер, байланыс нөмері;

          3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама.

      Құжаттар пошта арқылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігіне мына мекен-жай бойынша ұсынылады: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8 (Министрліктер Үйі), 11-кіреберіс.

         Жоғарыда аталған құжаттардың сканерленген көшірмелерін кандидаттар a.stamkulova@edu.gov.kz электрондық мекен-жайға жіберуге болады. Көрсетілген электрондық мекен-жайға жолданған құжаттардың  түпнұсқаларын кандидаттар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысына дейін жібереді.

 1.1-қосымша

 

Кімге ___________________________
(республикалық деңгейде мемлекеттік органның атауы немесе жергілікті
өкілді органның атауы)
_________________________тұратын
(елді мекен, көше, үй, пәтер)
кімнен_______________________
_____________________________
(өтініш берушінің аты, жөні,тегі
(бар болған жағдайда),
жеке куәлік № ____________,
берілді (қашан, кім))

 

Өтініш

Қоғамдық кеңестің құрамына енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.

Мен осы өтініш арқылы "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.

      Мынадай құжаттарды қоса беремін:

      1) ______________________________________________________________

      2) ______________________________________________________________

      3) ______________________________________________________________

      4) ______________________________________________________________

      5) ______________________________________________________________

      6) ______________________________________________________________

      7) ______________________________________________________________

     

      20___ жылғы "____"             Өтініш берушінің қолы __________

Дата публикации
15 апреля 2022