Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесін тарату туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 130-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі таратылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
  3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы
28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2004 ж., № 40, 522-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тiзбесiнде:

реттік нөмірі 14-жол алынып тасталсын;

2) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

6-бөлімде:

мына:

«

6

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

932

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

431

»

деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

6

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

892

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

391

»;

реттік нөмірі 16) жол алынып тасталсын.

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                   А. Мамин

 

 

Дата публикации
27 апреля 2020