Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының авиациялық персоналын даярлау жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы
27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі» деген бөлімде реттік нөмірі 389-6-жол алып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-45-жолмен толықтырылсын:
«222-33-45. «Азаматтық авиация академиясы» акционерлік қоғамы».
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi реттік нөмірі 85-жолмен толықтырылсын:
«85. «Азаматтық авиация академиясы» акционерлік қоғамы».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов