«Қоғамдық кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Қазақстан РеспубликасыҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелерінің жаңа құрамын қалыптастыру туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты Жұмыс тобы саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық белсенділер арасынан сындарлы оппозиция өкілдерін барынша тартуды қамтамасыз ете отырып жұмыс тобы Білім және ғылым, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау туралы конкурс өткізілетінін хабарлайды.
Құжаттарды тапсыру мерзімі конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күнін құрайды.
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес, конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері белгіленген мерзімде мынадай құжаттарды тапсырады:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама.
Құжаттар пошта арқылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігіне мына мекен-жай бойынша ұсынылады: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8 (Министрліктер Үйі), 11-кіреберіс.
Жоғарыда аталған құжаттардың сканерленген көшірмелерін кандидаттар a.stamkulova@edu.gov.kz электрондық мекен-жайға жіберуге болады. Көрсетілген электрондық мекен-жайға жолданған құжаттардың түпнұсқаларын кандидаттар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысына дейін жібереді.