Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Генетика және физиология институты» ШЖҚ РМК-да жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит қорытындылары туралы

2021 жылдың қараша-желтоқсан айлары араларында Ішкі аудит департаменті «Генетика және физиология институты» ШЖҚ РМК-да (бұдан әрі - Институт) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің жекелеген ғылыми институттары қызметінің тиімділігі мәселесі бойынша аудит жүргізілді.

Жалпы Институттың қызметі өз жарғысының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келеді.

Аудит нәтижелеріне сәйкес ақылы қызметтер көрсетуге, жоспарланған көрсеткіштерді орындауға және ғылыми жобалар бойынша шығыстарды жоспарлауға байланысты рәсімдік бұзушылықтар анықталды.

Ішкі бақылау жүйесін күшейту және ғылыми мен шаруашылық қызметінде ішкі бизнес-процестерді нақты регламенттеу мақсатында Институтқа анықталған бұзушылықтарды жою және оларды алдағы уақытта болдырмау үшін тиісті ұсынымдар берілді.

Дата публикации
05 января 2022