2021 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Ішкі аудит департаменті ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Зоология институты» ШЖҚ РМК-да (бұдан әрі – Институт) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 30 қыркүйек аралығындағы қызметі кезеңіне тиімділік аудитін жүргізді.
Институт қызметінің негізгі мақсаты Қазақстан жануарлар әлемін сақтау, өсімін молайту, бақылау және орнықты пайдалану үшін қажетті іргелі және қолданбалы зоологиялық зерттеулер жүргізу болып табылады.
Жалпы, Институттың қызметі оның жарғылық мақсаттарына сәйкес келеді. Аудит жекелеген қаржылық және рәсімдік бұзушылықтарды анықтады.
Нәтижелер бойынша аудит объектісіне және мүдделі құрылымдық бөлімшелерге бұзушылықтарды және олардың туындауына ықпал ететін себептерді жою жөнінде ұсынымдар мен тапсырмалар жіберілді.