ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты» ШЖҚ РМК ішкі аудит қорытындысы туралы

2021 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Ішкі аудит департаменті ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты» ШЖҚ РМК-да (бұдан әрі – Институт) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 30 қыркүйек аралығындағы қызметі кезеңіне сәйкестік  аудитін жүргізді.

Институт қызметінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы алдында тұрған басым міндеттерді ескере отырып, шығыстану саласындағы басым іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жургізу болып табылады.

Жалпы, Институттың қызметі оның жарғылық мақсаттарына сәйкес келеді. Аудит жекелеген қаржылық және рәсімдік бұзушылықтарды анықтады.

Нәтижелер бойынша аудит объектісіне және мүдделі құрылымдық бөлімшелерге бұзушылықтарды және олардың туындауына ықпал ететін себептерді жою жөнінде ұсынымдар мен тапсырмалар жіберілді.

Дата публикации
31 декабря 2021