ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» ШЖҚ РМК ішкі мемлекеттік аудит қорытындылары туралы

Ішкі аудит департаменті 2021 жылдың шілде айында ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Институт) тиімділік аудит жүргізілді.

Институтының қызметі өз жарғысында қарастырылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келеді. Аудит нәтижелері бойынша жекелеген қаржылық және рәсімдік бұзушылықтар анықталды.

Өз кезегінде қаржылық бұзушылықтар әкімшілік шығыстар лимитін сақтамаумен, ал рәсімдік бұзушылықтар институттың даму жоспарын, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми жобаларды іске асырумен және қаржылық тәртіпті сақтамаумен байланысты.

Институт қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында аудит объектісі мен ҚР БҒМ мүдделі ведомствосына 2018-2020 жылдарға қаржылық есептіліктің тәуелсіз аудитін жүргізу үшін шаралар қабылдау, бизнес-процестерді регламенттейтін ішкі құжаттарды әзірлеу мен бекіту және ғылыми жобаларды іске асыру шеңберінде шығыстарды бақылауды күшейту бойынша ұсынымдар берілді.

Дата публикации
22 декабря 2021