ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты» ШЖҚ РМК ішкі мемлекеттік аудит қорытындылары туралы

Ішкі аудит департаменті 2021 жылдың қараша мен желтоқсан аралығында ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Институт) сәйкестік аудит жүргізілді.

Институтының қызметі өз жарғысында қарастырылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келеді. Аудит нәтижелері бойынша қаржылық есептілікті бұрмалауға, Институттың Даму жоспарын, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру барысындағы ғылыми жобаларды орындауға қатысты жекелеген қаржылық және рәсімдік бұзушылықтар анықталды.

Институт қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында тексерілетін объектіге жылжымайтын мүлік обектілерін дұрыс есепке аул бойынша шаралар қабылдау, ақылы қызметтерді көрсету тәртібін әзірлеу, сондай-ақ уәкілетті органмен ақылы кызметтердің бағалар тізімін келісу бойынша ұсыныстар берілді.

Дата публикации
31 декабря 2021