Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылға арналған Аналитикалық жазбасы

2021 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру (ҚР БҒМ 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 565 бұйрығы, 17.08.21 ж. № 409, 13.01.22 ж.                 № 10 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар) төрт стратегиялық бағыт бойынша жүргізілді.

2021 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне 26 бюджеттік бағдарламаны іске асыруға 1 339 545 466,1 мың теңге сомасында қаражат қарастырылды.   Оның 1 330 374 310,8 мың теңгесі немесе жылдық жоспардың 99,3% орындалды.   9 171 155,3 мың теңгесі орындалмады, 1 051 467,8 мың теңге бюджет қаражаты үнемделді. (оның ішінде: 953 821,3 мың теңге – мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша үнемдеу, 4 224,4 мың теңге – еңбекақы төлеу қоры бойынша үнемдеу, 93 422,1 мың теңге – өзге де үнемдеулер). 8 119 687,5  мың теңге игерілмей қалды.

Дата публикации
30 марта 2022