ЖЕКЕ КОНСУЛЬТАНТТАРДАН МҮДДЕЛІЛІК БІЛДІРУ ЖӨНІНДЕ СҰРАНЫМ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

"ОРТА БІЛІМ БЕРУДІ ЖАҢҒЫРТУ" ЖОБАСЫ

№ 8709-KZ ҚАРЫЗЫ

 

 

Тапсырманың атауы:

Сатып алу жоспарындағы келісімшарттың нөмірі:

 

Жобаны басқару тобының (ЖБТ)

2-ші құрамдауыш бойынша маманы (Инклюзивті білім беру бойынша маман)

 

KZEMP/PMU/IC-21-2022

 

ЖЕКЕ КОНСУЛЬТАНТТАРДАН

МҮДДЕЛІЛІК БІЛДІРУ ЖӨНІНДЕ СҰРАНЫМ

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – ҚР БҒМ) 2018 жылғы 13 маусымдағы №157-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге сәйкес мақсаты орта білім беру сапасын арттыру, білім берудегі қолжетімділік пен теңдікті ұлғайту болып табылатын "Орта білім беруді жаңғырту" жобасын (бұдан әрі – жоба) іске асыруда.

ҚР БҒМ қарыз қаражатының бір бөлігін консультациялық қызметтерге пайдалануға ниетті және Жобаны басқару тобының (бұдан әрі - ЖБТ) 2-ші құрамдауыш бойынша маманы (Инклюзивті білім беру бойынша маман) бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

ЖБТ 2-ші құрамдауыш бойынша маманы (Инклюзивті білім беру бойынша маман) (бұдан әрі – ЖБТ-ның Инклюзивті білім беру бойынша маман) ЖБТ құрамында (Нұр-Сұлтан қаласы) жұмыс істейтін болады. ЖБТ-ның Инклюзивті білім беру бойынша маман Жобаның 2.3 "Инклюзивті білім беруді қолдау" кіші құрамдауыш аясында білім беру бойынша іс-шараларды жүргізеді. Маман іс-шаралардың негізгі индикаторларына қол жеткізуге және 2.3-кіші құрамдауыштар шеңберінде іс-шараларды орындауға тартылған қосымша жалданған компаниялардың қызметін үйлестіруге жауапты.

 

Тапсырманың ұзақтығы

Тапсырманың ұзақтығы 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін үш айлық сынақ мерзімімен қоса. Министрлікпен және Дүниежүзілік банкпен келісім бойынша техникалық тапсырмаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мұмкіндігімен.

 

Біліктілікке қойылатын талаптар:

  1. Бір немесе бірнеше саладағы жоғары білім: педагогикалық білім, дефектологиялық білім, инклюзивті білім беру, білім берудегі менеджмент және басқа да байланысты салаларда; магистр немесе PhD дәрежесінің болуы, ғылым кандидаты немесе докторы ғылыми дәрежесінің болуы артықшылық болып табылады.
  2. Білім беру саласында кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі, инклюзивті білім беру саласындағы тәжірибе, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен жұмыс.
  3. Іскерлік қарым-қатынастың тиімді дағдылары, ұйымдастырушылық және таныстыру дағдылары, командада жұмыс істей білу және міндеттерді шешуге бағытталу;
  4. Ауызша және жазбаша қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру. Ағылшын тілін білу-бұл артықшылық.

 

ҚР БҒМ жеке консультанттарды жоғарыда көрсетілген қызметтерді көрсетуге қызығушылық танытуға шақырады. Мүдделі жеке консультанттар қызметтерді орындау үшін қажетті біліктілігі көрсетілген ақпаратты ұсынуы тиіс.

Жеке консультанттар Дүниежүзілік Банктің 2011 жылғы қаңтардағы 2014 жылғы шілдедегі редакциядағы "ХҚДБ қарыздары, Дүниежүзілік банктің қарыз алушыларына берілетін ХДҚ кредиттері мен гранттары шеңберінде консультанттарды іріктеу және жалдау" нұсқаулығында (бұдан әрі – "Консультанттарға арналған нұсқаулық") көрсетілген рәсімдерге сәйкес іріктелетін болады.

Мүдделі Консультанттардың назары Консультанттарға арналған нұсқаулықтың 1.9-тармағына аударылады, онда Дүниежүзілік банктің мүдделер қақтығысына қатысты саясаты баяндалады.

Қызығушылық білдіру қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде түйіндеме түрінде, сондай-ақ білімі және жұмыс тәжірибесі туралы растайтын құжаттардың көшірмелері электрондық поштаға жіберілуі тиіс eduproject2022@gmail.com 18:00 дейінгі мерзімде (Нұр-Сұлтан қ.уақыты) 2022 жылғы 13 сәуірге дейін. Хаттың тақырыбын көрсету қажет: " ЖБТ 2-ші құрамдауыш бойынша маманы (Инклюзивті білім беру бойынша маман) бос лауазымына".

"Орта білім беруді жаңғырту" Жобасын басқару тобы

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 10 үй, "Kazyna Towers" БО, 10 қабат, 1004 кеңсе

E-mail: eduproject2022@gmail.com

Байланыс тел: 8 (7172)645796

Дата публикации
30 марта 2022